Қарағандыда
  • USD 411.54
  • EUR 458.13
  • RUB 5.84
Қала әкімдігінің ресми интернет ресурсы

Ақпарат орталығы

ГлавнаяАқпарат орталығы

Қадірлі ардагерлер! Қымбатты жерлестер!

08 Мамыр 2020 22:19

Қадірлі ардагерлер!

Қымбатты жерлестер!

 

Бүгін біздің халқымыз бен еңселі еліміз үшін ерекше күн. Әлем тарихындағы ең сұрапыл соғыста әділеттің ақ таңы атқан Ұлы Жеңіс күні.

Президентіміз Қасым – Жомарт Кемелұлы Тоқаев соғыс және тыл ардагерлерінің тұрмысын жақсартуға үлкен мән беріп отыр. Себебі, сіздердің сол сұрапыл соғыстағы жеңістеріңіз болмаса, бүгінгі жарқын болашаққа қадам басқан тәуелсіз Қазақстан да болмас еді.

Ұлы Отан соғысы аяқталып, Жеңістің туы желбірегеніне биыл - 75 жыл! Жеңіс күні – бұл сан мыңдаған ұрпақ үшін ортақ мереке. Әрбір қарағандылық отбасы бұны ерекше сезініп, ардагерлерге қандай құрмет көрсетсек те артық болмайтынын біледі.

Екінші дүниежүзілік соғыста біздің ержүрек отандастарымыз батыр бабалардың даңқты жолын лайықты жалғастыра білді. Олар қазақтың рухы биік, қайсар халық екенін дүние жүзіне дәлелдеп берді. Арын – алдаспан, намысын найза еткен ерлердің аттары аңызға айналды, тарих бетінде алтын әріптермен жазылды.

Ұлы Жеңіс күні алыстаған сайын батыр бабаларымыздың қаһармандығы бұрынғыдан да жаңғырып, жарқырай бермек. Өздеріңізге белгілі, бүгінгі күні мемлекетіміз майдангерлерді барынша қолдап, қамқорлық жасап келеді.

Сондықтан да ардагерлерге лайықты құрмет көрсету, қамқорлық жасау, ерлігін есте ұстау – біздің де, келер ұрпақтың да басты парызы, қасиетті борышы деп білемін.

Сіздердің ерліктеріңіз – біздің жүрегімізде мәңгі сақталады. Осынау Ұлы Жеңіс күні баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға бақ пен береке тілеймін.

Еліміз аман, жұртымыз тыныш, бауырымыз бүтін болсын, ағайын!

 

Қарағанды қаласының әкімі                     Н.Әубәкіров

 

Қарағанды қалалық

мәслихатының хатшысы                          Қ.Бексұлтанов