Қарағандыда
  • USD 412.10
  • EUR 454.34
  • RUB 5.82
Қала әкімдігінің ресми интернет ресурсы

Ақпарат орталығы

ГлавнаяАқпарат орталығы

«АрселорМиттал Теміртау» компаниясы өз қызметкерлері мен Қарағанды облысының тұрғындары арасында коронавирусты тексеруге қаражат бөлді

14 Мамыр 2020 09:49

«АрселорМиттал Теміртау» компаниясы өз қызметкерлері мен Қарағанды облысының тұрғындары арасында коронавирусты тексеруге қаражат бөлді
 
 
​ «АрселорМиттал Теміртау» АҚ COVID-19 тестілерін сатып алуға қаражат бөлді. Осылайша, компания көмегінің арқасында Қарағанды облысындағы ПТР тестінен күн сайын өте алатындар саны екі есеге артты. Егер бұрын мұндай тесттен күніне 1200 адамнан өте алса, бүгінгі күні бұл көрсеткіш 3000 адамды құрайды.
 
COVID-19 бар-жоғына талдауды тек «АрселорМиттал Теміртау» АҚ металлургтері мен кеншілері ғана емес, сонымен қатар компанияда жұмыс жасамайтындар да жасай алады.
 
Бүгінгі күнге дейін тәулігіне сараптамалық класстың 1200 талдауы - ПТР тесттері жасалды . Осы дүйсенбіден бастап, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ қаржыландыруының​ арқасында тест саны 3000-ға жетеді, ПТР сынағы әлемдегі коронавирус диагнозын анықтаудың ең сенімді әдісі болып саналады.
 
ПТР полимерлі тізбекті реакция дегенді білдіреді және молекулярлық биология әдісіне жатады. Ферменттердің көмегімен коронавирустық РНҚ бірнеше рет көшіріледі, яғни олардың концентрациясы жоғарылайды, бұл аурудың бар-жоғын анықтауға мүмкіндік береді.
 
​ - Біз Қарағанды облысының әкімдігімен кеңесе келе,​ аймақтағы коронавирус індетінің таралмауы үшін алдын-алу шараларын тез арада енгізу керек, ол үшін вирусты тексеруге арналған мүмкіндіктерді арттыру керек деген қорытындыға келдік, - деді «АрселорМиттал Теміртау» АҚ бас директоры Бижу Наир. - Біз аймақтағы ең жақсы зертханалардың бірі «Олимп» зертханасымен ынтымақтастық туралы келісім жасадық, ол күніне 1200 сынақ өткізеді. 80 миллион теңге көлеміндегі қаржылық қолдауымыздың арқасында зертхана коронавирусты тексерулердің санын күніне 3000-ға дейін арттыра алады, ал біздің қызметкерлердің сынақтардан өту мүмкіндігі кепілдендірілген, бұл тек "АрселорМиттал" компаниясы үшін ғана емес, сонымен қатар аймақ тұрғындары үшін де пайдалы, өйткені вирустың таралуын болдырмау үшін қажет шараларды қолға алуға мүмкіндік береді. Біз аймақ басшылығымен жұмыс істейміз, сонымен қатар кәсіпорынның қауіпсіз жұмысына және қызметкерлеріміздің денсаулығына кепілдік беру үшін қолымыздан келгеннің барлығын жасауға тырысудамыз.
 
​ - «АрселорМиттал Теміртау" компаниясынының қызметкерлері өздері жұмыс істейтін кәсіпорындардың медициналық орталықтарында тестілеуден өте алады, - деп түсіндіреді «АрселорМиттал Теміртау» АҚ медициналық мәселелер бөлімінің бастығы Александр Окунев. - Бірінші кезекте, біз кокс цехы жұмысшыларынан тест ала бастадық, жоспар бойынша келесі кезекте теміржол көлігі басқармасында жұмыс істейтіндер.
 
Барлық зерттеулер аккредиттелген «OLIMP» зертханасымен бірге жүргізіледі. Коксхимия өндірісінің қызметкерлері үшін талдау жүргізу орны - коксхимия өндірісінің медициналық орталығы болып анықталған.​ Коронавирусты инфекцияға тестілеу жағу арқылы жүзеге асырылады, бұл материал биологиялық ортаға жіберіліп, талдау үшін Олимп зертханасына жіберіледі. Тест нәтижелері қызметкерге қағаз түрінде де, электронды түрде де ұсынылады.
 
- Бүгінгі күні көмір департаментінде бірде-бір ауру анықталған жоқ, бірақ соған қарамастан біз толықтай жабдықталғанбыз, тесттер алынды, - дейді «АрселорМиттал Теміртау» АҚ көмір департаментінің медициналық мәселелер жөніндегі директоры Илья Вальштейн. - Біздің компания төтенше жағдай енгізілген сәттен бастап, бас санитарлық дәрігердің барлық тапсырмаларын орындауда. Жеке қорғану құралдарын, тазартқыш құралдарын және басқаларын сатып алуға қажетті қаражат бөлінді, жаңа көлік келісім-шарттары жасалды, бұл бізге адамдарды қазіргі жағдайдағы нормаларға сәйкес тасымалдауға мүмкіндік берді. Санитарлық-эпидемиологиялық станцияның инспекциясы бізге қойылған барлық талаптардың толық орындалғанын растады.
 
"Олимп" зертханасының бас директоры Ерлан Сүлейменов ПТР дәлдігі жедел тестке қарағанда әлдеқайда жоғары екенін айтты. Қарағандыда бірнеше өндірушілердің тесттері қолданылады - ресейлік «ИнтерЛабСервис» және «Вектор-Бест», қытайлық «Tianlong». Бұл компаниялардың барлық тесттері өз сезімталдығы мен ерекшелігін жақсы көрсетеді. Сонымен қатар, OLIMP зертханасы "Саби" және Aitas KZ қорларының аясында Covid-19 жылдам анықтауға экспресс-тестілеуді тегін өткізеді. Тексеруден өту үшін пациент cdl.kz сайтындағы сауалнаманы толтыру керек.
 
- Біз «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-мен қызметкерлеріне COVID-19 бойынша ПТР-тесттер өткізу туралы зерттеу жүргізуге келісім жасастық. Сонымен қатар, біз «АрселорМиттал Теміртау» АҚ медициналық бөлімдерінің мамандарына биоматериалдарды жинау ережелерін үйреттік, - деді Ерлан Сүлейменов.
 
Тесттің оң нәтижесін жасыру мүмкін емес. Тесттің барлық нәтижелері пациенттердің өз қолына берілгеніне және электронды пошта арқылы жіберілгеніне қарамастан, барлық ақпарат компанияның медициналық орталықтарының қызметкерлеріне қайталанатын болады.
 
- Біздің ақпараттық жүйеміз әр пациенттің үлгісін анықтап, тіркеуге болатындай етіп қосылады. Үлгі бізге жеткеннен кейін біз штрих-кодты оқып, оның кімге тиесілі екенін білеміз. Содан кейін біз ақпаратты «АрселорМиттал Теміртау» АҚ береміз, - деп түсіндіреді Ерлан Сүлейменов. - Негізгі ауыртпалық «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының медициналық қызметкерлеріне түседі. Олар өз әрекеттерінің алгоритмін жасап шығарды.
 
 
​ Бүгінгі таңда алты қалада ПТР талдау зертханалары ашылған: Ақтөбе, Атырау, Алматы, Нұр-Сұлтан, Көкшетау, Қарағанды. Жақын арада зертханалар басқа аймақтарда, оның ішінде Теміртауда да ашылады.