• 4213 барлығы
  • 38 бір айлық
  • 0 апта ішінде

Ақпарат орталығы

Елде көмір тапшылығы жоқ – Қ.Бозымбаев

«2017 жылдың  9 айында 75,3 млн тонна көмір өндірілді,  ол өткен жылмен салыстырғанда  13,2 пайызға артық.  Ішкі нарыққа  54,7 млн көмір жеткізілді, оның ішінде  41,1 млн тоннасы энергия өндіретін кәсіпорындарға жеткізілді.  Экспорт 21,1 млн тоннаны құрады, ол 16,6 пайызға көп. Осы кезең аралығында коммуналдық-тұрмыстық қажеттілік пен  халыққа  1 млн тонна жеткізілді, ол  өткен жылғыдан  26,8  пайызға  көп. Жыл сайын  жылу беру маусымы кезінде коммуналдық-тұрмыстық кәсіпорындар мен халыққа  10-12 млн тонна көмір күзгі-қысқы кезеңге жеткізілді. Коммуналдық-тұрмыстық қажеттілік пен халыққа берілетін көмір бағасы  Қазақстанда тоннасына 2-ден  5 мың теңгені қрап отыр», - деді Қ.Бозымбаев.

Министр айтып өткендей, қазіргі таңда елдің көмір өндіру  зауыттары тұрақты жұмыс істеп тұр.

«Мұнай өндіру зауыттары  тұрақты жұмыс істеп тұр. Бүгінгі таңда елде көмір тапшылығы жоқ. Мәселен, Ақмола облысында  сауда нүктелеріндегі көмір қалдығы  400-700 тоннаға дейін,  Алматы облысында 300 тонна, Жамбыл облысында  490 тонна, СҚО-600 тонна, ОҚО-да  20 мың, Астанада  1000 тоннаны  құрап  отыр. Облыстарда көмір бағасы кен орнынан қашықтыққа байланысты өзгеріп отыр.  Шұбаркөл кен орнына шыққан көмір  8 мыңнан, Нұра ауданы 18 мыңнан басталып отыр. Өндірушінің бағасы  тоннасына  5 мың теңгені құрап отыр.Майкүбі көмірі  8 мыңнан, Екібастз көмірі  16 мың теңгені құрады. Өндірушінің бағасы – 3200 теңгені құрады. 17 қазандағы жағдай бойынша тұрмыстық көмірді жеткізу қажетті көлемде жүзеге асырылады», - деді Қ.Бозымбаев.

Қайрат Жандыбаев