• 4213 барлығы
  • 38 бір айлық
  • 0 апта ішінде

Ақпарат орталығы

Нұрмұхамбет Әбдібеков Есеп комитетінің төрағасы болып тағайындалды

 Қарағанды облысының бұрынғы әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков Есеп комитетін басқаратын болды.
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Нұрмұхамбет Әбдібеков республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінің төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.
«Нұрмұхамбет Қанапияұлы Әбдібеков Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы болып тағайындалсын, ол Қарағанды облысының әкімі қызметінен босатылсын», – делінген Жарлықта.
ҚР Президентінің Жарлығымен Қарағанды облысының әкімі болып 54 жасар Ерлан Қошанов тағайындалды. Бұған дейін ол ҚР Премьер-Министрінің кеңсесінің басшысы болып істеген.
Нұрмұхамбет Әбдібеков Қарағанды облысын екі жарым жыл бойы басқарды.