• 4074 барлығы
  • 28 бір айлық
  • 0 апта ішінде

Ақпарат орталығы

Мемлекет басшысы Қарағанды облысын дамыту бойынша міндеттерді алға қойды

Еліміздің үшінші жаңғыруы барлық билік органдары үшін күн тәртібіндегі басты мәселе болып табылады. Бұл туралы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қарағанды облысының активімен өткен отырыста мәлім етті.
«Мен конституциялық миссияны орындау үшін келдім. Қарағанды облысының қазіргі әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков Астанада жаңа қызметке – Есеп комитетінің төрағасы болып тағайындалды. Мәслихатқа жаңа кандидатураны – Ерлан Қошановты ұсындым. Ол қарағандылық, түрлі қызметтерді атқарған. Оның тәжірибесі Қарағанды облысындағы проблемалар мен мәселелерді шешуге көмектеседі деп ойлаймын. Депутаттар өз келісімін берді», - деді Нұрсұлтан Назарбаев аймақ активімен кездесу барысында.
Мемлекет басшысы Нұрмұхамбет Әбдібековке облыс әкімінің қызметіндегі еңбегі үшін алғыс айтып, жаңа қызметте табыс тіледі. Ерлан Қошанов Президентке ризашылығын білдіріп, сенімін ақтауға уәде берді.
«Осы жағдайды пайдалана отырып, осы жерде мені жылы қабылдаған, бірге жұмыс істеген, қиын-қыстау кезеңдерді бірге еңсерген барлық қарағандылықтарға рахмет айтқым келеді. Қарағандылықтарға сәттілік пен жетістіктер тілеймін», - деп қоштасты әріптестерімен аймақтың бұрынғы әкімі.
ҚР Президенті өз сөзінде елімізді одан әрі дамытудың жаңа міндеттеріне тоқталды. Сондай-ақ, Қарағанды облысының басымдықтарын белгіледі.
«Еліміздің үшінші жаңғыруы мемлекет үшін де, барлық әкімдіктер үшін де күн тәртібіндегі басты мәселе болады, - деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев. – Өткен жылы Қарағанды облысында инвестициялар 12 пайызға төмендеген. Кәсіпкерлікті дамыту, сенімді басқару, сервистік байланыстар – облыста осының барлығымен айналысу керек. Алдымызға қандай міндеттер қойылып отырғанын көріп тұрсыздар. Қарағанды – бұл Қазақстанның экономикасын дамытудың локомотиві».
ҚР Президентінің Жарлығымен ҚР Премьер-Министрі кеңсесінің басшысы болған Ерлан Қошанов Қарағанды облысының әкімі болып тағайындалды.
Кездесу соңында Қарағанды облысының жаңа әкімі Қазақстан халқына және Президентіне ант берді.