• 3856 барлығы
  • 11 бір айлық
  • 0 апта ішінде

Ақпарат орталығы

Қарағандылықтарды құқық бұзушылықтар туралы хабарлауға шақырамыз

 Қарағандыда заңдылықты қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі Консультативтік кеңес мүшелері әлеуметтік-экономикалық және діни проблемаларды талқылады.
Облыстық прокуратура «Халықтың сенімі» жобасын іске асыруда. Мақсаты – қоғамда кез келген бұзушылықтарға нөлдік төзімділік қалыптастыру. Отырыс барысында Қарағанды облысының прокурорының орынбасары Мейрам Таутенов жобаның қорытындысы жайлы баяндады.
«Бірінші бағыт – құқық қорғау органдарының халықпен өзара іс-әрекеті. Міндеті – азаматтарды тәртіпті сақтауға шақыру. Құқық бұзушылық туралы кез келген сигнал маңызды. Жоба аясында 150 аса түрлі шара ұйымдастырылады. Үйлердің ағалары белгіленді, аудандар секторларға бөлінді және әр секторға учаскелік инспекторлар бекітілді», - деді ол.
Қала тұрғындары жалға алынған пәтерлер, күмәнді тұлғалар мен тұрмысы төмен отбасылар туралы хабарлайды. Жалпы алғанда, 600-ден астам сигнал келіп түсті.
Екінші бағыт – азаматтардың әлеуметтік проблемаларын шешуге көмек көрсету. Мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерінен құрылған жұмыс топтары жұмыс істейді.
Үшінші бағыт – профилактикалық шаралар. Бұл жұмыстарға психолог, теолог, дәрігер және т.б. мамандар тартылмақ.