• 4350 барлығы
  • 18 бір айлық
  • 0 апта ішінде

Ақпарат орталығы

Қарағандыда мерекелік жәрмеңкелер ашылады

 Наурыз мерекесі қарсаңында облыс орталығында ауыл шаруашылық жәрмеңкелері өтеді. Баршаңызды 18 наурызда «Гринмарт» сауда орталығының, «Ғасыр» коммуналдық базарының, «Юбилейный» дүкенінің, Пришахтинскіде «Орталық» сауда үйінің, Сұрыптауда «Феникс» дүкенінің және «Сарыарқа» сауда үйінің алдындағы алаңға шақырамыз.
Жәрмеңкеде облыстық ауыл шаруашылық тауар өндірушілердің өнімдерін (ет, сүт өнімдері, көкөністер) орташа нарықтық бағадан 15-20 пайызға арзан сатып алуға болады.
Жәрмеңкелер апта сайын 1 сәуірден 27 мамырға дейін ұйымдастырылады.