• 4213 барлығы
  • 38 бір айлық
  • 0 апта ішінде

Ақпарат орталығы

Облыстық музейлер ЭКСПО-2017 қонақтарын қарсы алуға дайындалуда

 Аймақта ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің қонақтарын қарсы алуға дайындық жүргізіліп жатыр. Шетелдік қонақтар үшін Қарағанды мен Теміртаудан Жезқазған мен Ұлытау ауданына дейін бірнеше маршрут ұйымдастырылады. Қарағанды облысында 16 музей жұмыс істейді. Әрбір музей өз өлкесі мен рухани мұрасы туралы бірегей экспозиция жасайды.
Сонымен қатар, музей қызметкерлері экскурсия өткізу шеберлігін шыңдауда. Гид-аудармашылар, экскурсия жетекшілері мектебінің директоры Салтанат Әбжанова шеберлік сыныбы мен тренингтер өткізді. Астаналық маман шетелдік топтармен жұмыс істеудің әдісі, шетелдік туристердің қызығушылықтары мен ілтипаты туралы айтып берді.
Экскурсия жетекшісінің киімі, сөйлеу мәнері – осының барлығы біліктілікті арттыру курсының бағдарламасына енгізілді. Қатысушылар шешендік өнерді меңгеріп, артық сөздерден арылуды үйренді. Көп және ұзақ сөйлеу үшін белгілі бір машықтар қажет. Музей қызметкерлеріне дауысты, дикцияны, интонацияны, тыныс алуды қою бойынша жаттығулар берілді.
Теория тәжірибеге ұласты. Курсқа қатысушылар туристер рөлін атқарды. Долинкадағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу мұражайына ұйымдастырылған көшпелі экскурсияны облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкері Гүлжан Кударинова өткізді.
Тренинг соңында 39 музей қызметкеріне сертификаттар табысталды.