• 4213 барлығы
  • 38 бір айлық
  • 0 апта ішінде

Ақпарат орталығы

Қарағандылық тауар өндірушілер «АрселорМиттал Теміртаумен» 50 млрд. теңгеден астам соманың келісімшарттарына қол қояды

Теміртауда «АрселорМиттал Теміртау» АҚ алаңында жергілікті құрамды дамыту бойынша форум өтті. Бизнес-кездесуді Қарағанды облысының әкімдігі ұйымдастырды. Форумға аймақтың тауар өндірушілері, жергілікті билік, Кәсіпкерлік палата, жергілікті құрамды дамыту жөніндегі «NADLoC» ұлттық агенттігінің өкілдері қатысты.
Компания өзінің ережелері мен сатып алу жоспарларын, қазақстандық құрамды дамыту стратегиясын таныстырды.
«2016 жылы облыстың жүйе қалыптастырушы жүйесі 483 млрд. теңгенің өнімін өндірген. Бұл ретте тауарлар мен қызметтер бойынша қазақстандық құрам 342 млрд. теңгені құрады, яғни 70,8%. Бұл республика бойынша өте жақсы көрсеткіш. 2017 жылға арналған мақсатты индикаторлар бекітілді, олар бойынша жергілікті тауар өндірушілерден сатып алуларды ұлғайтуды көздеп отырмыз», - деді Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Марғұлан Карибеков.
Форум барысында Қарағанды облысының әкімдігі мен «АрселорМиттал Теміртау» АҚ арасында қазақстандық құрамды дамытудағы ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойылды.
«Құжатта қарағанды облысындағы өз тауарлары мен қызметтерін жеткізу бойынша барлық мәселелерді компаниямен пысықтап болған 34 кәсіпорын туралы айтылған. Олармен жалпы құны 52,4 млрд. теңгенің келісімшарттарына қол қоямыз, олар 2017 жылы жүзеге асырылады. Негізінен, бұл машина жасау тауарлары. Атап айтқандаа, конвейерлердің қосалқы бөлшектері, қозғалтқыштар, кабель өнімі, мойынтіректер», - деді «АрселорМиттал Теміртау» АҚ «қазақстандық құрам» бағдарламасын үйлестіру және дамытуу жөніндегі менеджері Андрей Блейх.
2016 жылы компания жергілікті тауар өндірушілерден 40,4 млрд. теңге сатып алған.
«Тексерілген серіктестер бар. Жаңа жабдықтаушылар – 10-15 пайыз. Егер өнімнің сапасы ұнамаса, онда сатып алмас еді. Компанияның ережелері бар. Тауарды алдымен сараптамаға аламыз, - деп түсіндірді менеджер. – Мысалы, Жұмыс аяқ киімін қалай сынайды? Аяқ киімді ыстық болатқа саламыз. Жанбаса, жарайды. Кейбіреулері «Біздің аяқ киіммен билеуге болады. Неге алмайсыңдар?» деп жатады. Бірақ біз білемейміз ғой. Біздің талабымыз: металл шұлық, температураға төзімділік, жақсы былғары».
Қарағандылық фабриканың және басқа да қазақстандық өндірушілердің жұмыс аяқ киімі металлургтерге ұнады. Ал отандық каскалар мен қорғайтын көзілдіріктерді компания әзірге, талаптарға сай емес деп отыр.

Кез келген материалды karaganda-region.gov.kz сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі