• 3815 барлығы
  • 25 бір айлық
  • 0 апта ішінде

Ақпарат орталығы

Наурыз мерекесіне орай облыс орталығында 1000 жуық элемент орнатылады

Қарағанды қаласы Наурыз мейрамына орай безендіріліп жатыр. Барлығы 1000 элемент орнатылмақ. Декорациялар қаланың әрбір ауданында қойылады. Бұқар жырау және Республика даңғылдарында, Приканальный, Чкалов, Кривогуз, Магнитогорский, Карл Маркс көшелерінде, Мира желекжолында 22 жол аркасы, жарықтандыру бағаналарында 450 жарықдиодты кронштейн және 340 консольдік ту орнатылады.
Жарықдиодты аркалар мен кронштейндер қараңғы кезде жылтылдап, жарқырап тұратын әсер беретін жаңа буындағы материалдарды қолдана отырып, жасалған. Элементтер күндіз де әдемі көрінеді.
Сондай-ақ, көктемгі суреттер мен ою-өрнектер салынған тулар да көшелерге ерекше көрік бермек.
Барлық жарық элементтерін монтаждау жұмыстарын 19 наурызға дейін, ту конструкциялары мен консольдік туларды орнату - 20 наурызға дейін аяқтау жоспарланған.