• 3757 барлығы
  • 1 бір айлық
  • 0 апта ішінде

Ақпарат орталығы

Теміртаудағы ЖЭО-ны қайта жөндеуге 150 млрд. теңгеден аса қаржы керек

 Өткен қыста іркіліспен жұмыс істеген «АрселорМиттал Теміртау» АҚ ЖЭО-2 жаңғырту жоспары әзірленді. Станцияны қайта жөндеу үшін 80 млрд. теңгеден аса қаржы қажет. Бұл туралы Теміртауда өткен қоғамдық тыңдауда мәлім болды.
«АрселорМиттал Темиртау» тапсыырысы бойынша екі жобалау институты компанияға тиесілі ЖЭО-ПВС және ЖЭО-2 қайта жөндеу бойынша техникалық-экономикалық негіздеме (ТЭН) дайындады. Қоғамдық тыңдау барысында жобаларды қоршаған ортаға әсер ету ыықтималдылығы тұрғыысынан талқылады.
«Екі станцияда да кеңестік заманда салынған: ЖЭО-ПВС – 1959 жылы, ЖЭО-2 – 1973 жылы. Олардың ресурсы таусылды. ЖЭО-2 бірнеше жылдан бері іркіліспен жұмыс істеуде. Бұлай ұзақ уақыт жұмыс істей алмаймыз. Мұндай жағдайлардың қайталанбауы үшін қолдан келгенін жасап жатырмыз. ТЭН-ді екі институт әзірледі, осы жобаларға үмітіміз зор», - деді «АрселорМиттал Теміртау» АҚ бас энергетигі Вадим Лесин.
Есептеулер бойынша, екі жылуэнергоорталығын қайта жөндеуге жұмсалатын қаржы 150 млрд. теңгеден асады. ЖЭО-2 жаңғыртуға 80 млрд. теңгеден артық, ЖЭО-ПВС – 70 млрд. теңгеге жуық қаржы керек.
ЖЭО-2 қазандықтар мен турбоагрегаттарды ауыстыру қажет. Қосалқы жабдықтар жаңғыртылады. Жаңа вагон-аударғыш салу және көмірді жібітуге арналған жабдық орнатылмақ, ұнтақтағыш, газ тазарту қондырғысы ауыстырылады және т.б.
Жобаны алты жылда жүзеге асыру есептелген.
«Қазіргі кезде екі станцияның негізгі активтерін бағалау жүргізілді. Наурыз айының соңына дейін «Орталық-Азия электр энергетикалық корпорациясы» (ОАЭК) АҚ» бірлескен кәсіпорнын құру бойынша шешім қабылдау жоспарланған», - деді Вадим Лесин.
27 наурызда Алматыда ОАЭК акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы өтеді. Күн тәртібіне «АрселорМиттал Теміртау» АҚ мен компания арасында келісім жасау мәселесі енгізілді.


Кез келген материалды karaganda-region.gov.kz сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі