• 4077 барлығы
  • 29 бір айлық
  • 0 апта ішінде

Ақпарат орталығы

Балқашта Наурыз мерекесіне орай байқау өтеді

 Биыл Балқашта Наурыз мейрамына орай көптеген байқаулар ұйымдастырылады. Мерекеге орай түрлі тақырыптағы ондаған жарыс өтеді – ұлттық тағамдар мен костюмдер, халық ойындары және шығармашылық.
Қыздар арасында ең ұзын шаш иесі анықталады. Байқауға шашының ұзындығы 60 сантиметрден асатын арулар қатысады. Қатысушылар қазақ халқының салт-дәстүрлерін және шығармашылық номерлер көрсетеді.
Сонымен қатар, әжелер де өз өнерлерін ортаға салады. Зейнеткерлер зияткерлік және шығармашылық конкурстарда сайысқа түседі.
Қаланың ақсақалдары «Батаменен ел көгерер» жарысына қатысады.
Облыстың барлық қалалары мен аудандарында Наурыз мейрамына орайластырылған басты шаралар 22 наурызда өтеді. Елорда тұрғындары мен қонақтарын мерекелік шараларға және халықтық серуенге қатысуға шақырамыз.

 

Фото comode.kz