• 3853 барлығы
  • 10 бір айлық
  • 0 апта ішінде

Ақпарат орталығы

Бас поштада сәлем-сауқаттар супермаркеті ашылды

 Қарағандылықтар үшін хат пен сәлемдеме алу оңайлады. Бұқар жырау даңғылығ 39 мекен жайы бойынша орналасқан бас поштаның «Қазпошта» филиалында ТМД-да аналогы жоқ постамат, өз-өзіне қызмет көрсету пункттері және сәлем-сауқаттар супермаркеті ашылды. Бұл кезекті азайтуға мүмкіндік береді, дейді пошта қызметкерлері.
- Әрине, бәрі бірден бола қоймайды. Уақыт өте келе адамдар жаңашылдықты пайдалана отырып, олардың артықшылықтарын түсінеді, - дейді маркетинг секторының бас маманы Сания Аймағамбетова. – Жаңа пошта супермаркетін пайдалана отырып, сәлемдемені қалай алатынын әкімшілер түсіндіріп жатыр. Шын мәнінде, бәрі оңай – терминалға өз телефон номеріңізді немесе сәлемдеменің трек-кодын енгізесіз, ұяшықтың номері мен қатары көрсетілген талонды аласыз. Сәлемдемені алған соң «кассаға» өтесіз, онда сәлемдеменің сізге жеткізілгені тексеріледі.


Бұдан басқа, пошта ғимаратында өз-өзіне қызмет көрсету пункті ашылды, онда сәлемдемеңізді өзіңіз жібере аласыз – ол үшін сәлемдемені көлемі бойынша қажетті қорапқа салып, стеллажға қоясыз, оны сол жерден пошташы алып кетеді.
Сонымен қатар, постамат пен валюта айырбастау пункті ашылды, 22:00-ге дейін жұмыс істейді. Жақын арада олар тәулік бойы қызмет көрсететін болады.
Поштада корпоративтік клиенттер үшін екінші қабатта зал жасақталды. Бұрын оларға «Қазақтелекомда» екі терезеде қызмет көрсетіліп келген. Ұдайы ұзын-сонар кезек болатын. Қазір ондай жоқ – екі терезенің орнына бесеу, клиенттер бір ғимараттан екіншісіне барып жүрмейді.
Қарағандылықтар жаңашылдықтарға өз бағасын берді.
- Бәрі әлдеқайда тез жұмыс істейді, - дейді «Қазпошта» клиенттері Әмір Елеусізов пен Анна Плотникова. – Біз жаңа ғана хат жібердік. Бұрын осы үшін екі-үш сағат отыратынбыз. Бүгін 15 минут қана жұмсадық. Бәрі жайлы, әдемі.
Еске салайық, «Қазпоштаның» Қарағандыдағы жаңартылған филиалы кеше ашылды. Осындай тағы да бір филиал Саран қаласында өз жұмысын бастады.