• 4077 барлығы
  • 29 бір айлық
  • 0 апта ішінде

Ақпарат орталығы

Қарағандыда үлкен гүлдер көрмесі ашылды

 45-ші орамда Бейнелеу өнері музейінде «Гүл ертегісі» ашылды. Дизайнер Виктория Конованың көрмесі осылай аталады. Ол адамның бойынан асатын ерекше гүлдер жасайды.
- Идеяны мәскеулік дизайнер Юлия Шакировадан алдым, - дейді Виктория. – Оның қызыл көкнәрлары маған қатты ұнады, оны қайталағым келді. Оны қағаздан да, матадан да, басқа материалдардан да жасауға тырыстым, бірақ түк шықпады. Нәтижесінде полиэтилен көпіршікке тоқтадым. Гүлдер мен қалағандай болып шықты.
Қызыл көкнарлардан жасалған фотоаймақ көрмеге келушілердің ерекше қызығушылығын тудырды. Музей залына алтын түсті желайдарлар, інжугүлдер, бәйшешектер, түймедақтар мен раушангүлдер қойылды.
- Гүлдерді жасау оңай, - дейді шебер. – Кейбір гүлге бірнеше сағат, басқаларына бірнеше күн уақыт жұмсаймын. Материалмен жұмыс істеу оңай, оның пішінін өзерту жеңіл, ылғалдан қорықпайды. Тек бояу жағылмайды. Сондықтан көшелерге мұндай инсталляцияны боялмаған көпіршіктен ғана жасайды.
Үлкен гүлдермен әдетте балабақшалар, мерекелер, үйлену тойлары, кейде үйдің интерьері де безендіріледі.