• 3817 барлығы
  • 25 бір айлық
  • 0 апта ішінде

Ақпарат орталығы

Құрметті облыс тұрғындары! Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамы құтты болсын!

Ежелден жаңарту мен жасампаздықтың бастауы, ырыс пен берекенің арқауы болған мереке бес мыңнан астам жылдан бері тойланып келеді. Наурыз бейбітшілікке, ізгілік пен келісімге шақырады.
1991 жылы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жарлығымен Наурыз ресми мәртебеге ие болды. Қайта жаңғырған Наурыз тарихы – тәуелсіз Қазақстанның тарихы. Республикамыз Тәуелсіздік жылдары мықты мемлекетке айналды, біздің халқымыз болашаққа сеніммен қарайды. Бүгінде қазақстандық бейбітшілік пен қоғамдық келісім моделі әлемдегі ең тиімді модельдердің бірі деп танылды. Ал Қазақстан халқы Ассамблеясы этностар шоғырланған институтқа, еліміздің визит карточкасына айналды.
Тәуелсіз елмен қатар Қарағанды облысы да дамып, гүлденіп келеді. Аймақта мемлекеттік салалық бағдарламалар сәтті жүзеге асырылуда, өнеркәсіптік және әлеуметтік нысандар салынуда, жаңа жұмыс орындары ашылып жатыр. Денсаулық сақтау мен білім саласына баса назар аударылады.
Тек адамзат қана емес, табиғаттың да жасарып, бой түзейтін шағы Наурыз мейрамы жаңа терең идеялық мәнге ие. Ұлыстың ұлы күні Қазақстан халқының үйлесімділігі мен бірлігінің нышанына айналды. Бұл кешірім мен мейірімнің, үміт пен сенімнің, ізгілік пен түсіністіктің мерекесі. Бұл күні біз өткен жылы жасаған жұмысымызға есеп беріп, келешекке жоспар құрамыз, тәуелсіз еліміздің өркендеп, өсуі жолында жаңа бастамаларға негіз қалаймыз. Наурызда айтылған барлық тілек қабыл болады деген де наным бар.
Наурыз мерекесі жүрегімізге жылу сыйлап, бейбітшілік пен келісімді одан әрі нығайта түссін! Әз-Наурыз жаңа жылдың басы деп саналады.
Шын жүректен сіздерді Наурыз мерекесімен құттықтаймын!
Наурыз мейрамы туған жер топырағына құт – береке әкелсін. Баршаңызға амандық, саулық, дастархандарыңызға молшылық тілеймін!


Қарағанды облысының әкімі Е. Қошанов

Қарағанды облыстық мәслихатының хатшысы Р.Абдикеров