• 3853 барлығы
  • 10 бір айлық
  • 0 апта ішінде

Ақпарат орталығы

Қарағандылық оқушылар қаңғыған жануарлар паналайтын орын ашуды ұсынды

 Бүгін №2 лицейде «ЭКСПО-2017» көрмесіне арналған «Ғылымдар достастығы» конференциясы өтті.оқушылар өздерінің ғылыми жобаларын таныстырды. Бірі Федоров су қоймасындағы микроағзаларды зерттесе, басқасы қара тесіктер мен кеңістік-уақыттық континиуумның қисаюы туралы баяндады. Кейбір идеялардың ерекшелігі - оларды тжірибеде қолдануға болатынында. Мысал ретінде он бірінші сынып оқушылары Ольга Новосельцева мен Ольга Гердттың жобасын келтіре кетсек. Олар Қарағандыда қаңғыған жануарлар паналайтын орын ашу бойынша бизнес-жоспар әзірлеген.
- Біз 30-шы шағын ауданда орынжай таптық. Онда бұзылған ғимараттар мен бос орын бар, - дейді Ольга Гердт. – Санитарлық нормалар бойынша паналайтын орын тұрғын үй кешеніне үш жүз метрден алыс орналасуға тиіс. Біз қарастырып қойған ғимарат лайықты. Оны қайта жөндеуге болады, ірі иттерге арналған ашық вольерлер салу үшін тиісті аумағы да бар.
Оқушылардың есептеуінше, пананы ашу үшін бір жарым миллионға жуық қаржы қажет, бұл ғимаратты жалға алу мен оны жөндеуге жұмсалатын шығынды есептемегенде. Ал табыс табу үшін демалыс уақытында жануарларды қалдыруға болатындай жануарларға арналған қонақ үй, ветеринарлық клиника мен инологпен жаттығуға арналған алаң ашылмақ.
- Біз 18-ге толған жоқпыз, құжаттарға қол қоя алмаймыз, - дейді Ольга Новосельцева. – Алдағы уақытта білім алып, осындай орын ашуды жоспарлап жүрміз.
Тағы да бір жобаның авторлары - Валерия Зубкова мен Евгения Новосельцева, 9-сынып оқушылары. Олар Астана-Алматы тасжолының қарағанды арқылы өтетін бөлігінде пирамидалық үйеңкілер отырғызуды ұсынды.
- Осылайша, ауа таза болып қалады, - дейді Валерия. – Пирамидалық үйеңкілер күй талғамайды, жолдың бойында жақсы өседі, көмірқышқыл газын жақсы өңдейді.
Оқушылардың жоспары бойынша барлығы 12 000 ағаш отырғызу керек. Бұл үшін 36 миллион теңге керек.
- Егер жобаны мақұлдаса, ақша бөлінеді деп үміттенеміз, - дейді Евгения. – Сонымен қатар, біз «PosadiDerevo.kz» өкілдерімен де сөйлестік, олар бір жыл бойы бізге ағаш отырғызып, оны суару бойынша тегін көмектесуге дайын.