• 3953 барлығы
  • 21 бір айлық
  • 0 апта ішінде

Ақпарат орталығы

Қарағандыда Наурыз мейрамына орай экскурсиялық киіз үйлер орнатылады

 Наурыз мейрамына орай облыстық өлкетану музейінің қызметкерлері арнайы киіз үйлерде экскурсиялар өткізеді. Мамандар қала тұрғындарына қазақ халқының салт-дәстүрлері, ата-бабаларымыздың өмір сүру салты туралы әңгімелейді. Кіру тегін.
Еске салайық, биыл наурыз мейрамын тойлау кезінде Бұқар жырау даңғылы жабылмайды, киіз үйлер Орталық паркте тігіледі, және халықтық серуенде сонда өтеді. Жауынгер-интернационалисттер көшесінің бойында және каскадтық сатыда түрлі ұйымдардың 33 киіз үйі, 27 сауда палаткасы, үстелдер орнатылады. Бауырсақ пен палау әзірленеді, қайырымдылық палаткалар, экскурсиялық жүргізілетін киіз үйлер мен «шеберлер қалашығы» болады.
Киіз үйлер 21 наурызда орнатылады, басты мерекелік шаралар 22 наурызда өтеді. Парк сахнасында көпшлік назарына мюзикл ұсынылады, ал өзеннің жағасында ұлттық спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылады.