• 3853 барлығы
  • 10 бір айлық
  • 0 апта ішінде

Ақпарат орталығы

Наурызда қарағандылықтар Көктемнің келуі мен дүниенің жаралуы туралы мюзикл тамашалайды

 Наурыз мейрамын тойлауға облыстық бюджеттен мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасына 8 млн. теңге бөлінді. Ұйымдастыруға Алматы мен Астананың мамандары қатысуда. Қазіргі кезде дайындық жұмыстары жүріп жатыр.

«Дәстүр бойынша Наурыз кеңінен тойланады. Қарағандыда мерекелік шаралар жаңа алаңда – саябақта өтеді. Онда үлкен сахна орнатылады, көрермендерге арналған орындықтар қойылады. Театрландырылған қойылым мюзикл стилінде өтеді. Бұл Көктемнің келуі мен дүниенің жаралуы, қазақ елінің құрылуы туралы ертегі. Су, ауа, от – бәрі қосылады, - деді алматылық бұқаралық қойылымдардың жиынтық қоюшы-режиссері Аспет Жилкина. – Көрініске 600-ден астам адам қатысады. Оның ішінде, оқушылар мен жас артистер, барлық қарағандылық шығармашылық ұжымдар, театр артистері де бар. Би мен ән көп болады. Мтіндер мен музыка арнайы осы мюзикл үшін жазылған».

Билердің хореограф-режиссері Алматыдан шақырылды, Абай атындағы қазақ ұлттық педагогика университетінің хореография кафедрасының профессоры Алмат Құрмажанов.

Қойылым барысында арнайы эффектілер қолданылады. Жаңалық – түрлі-түсті түтінді салют болмақ.