• 3953 барлығы
  • 21 бір айлық
  • 0 апта ішінде

Ақпарат орталығы

Қарағанды облысында жаңа ұлттық парк ашу жоспарланған

 Жаңа Ұлттық парк Ұлытау шаруашылығында ашылмақ. Мамандардың атуынша, бұл ауданда тарихи ескерткіштер көп, флорасы мен фаунасы бай, тау массивтері де бар. Бір кездері мұнда арқарлар көп болған. Бүгінде популяцияның жойылып кету қаупі бар, бірақ ұлттық парк ашылса, сирек жануарлар тұрақты бақылауға алынады. Сонда популяцияны бұрынғы деңгейге жеткізуге болады.
- Жоба әзірлену үстінде, - дейді Жанайым Әбеуова, Қарағанды облысының орман шаруашылығы мен жануарлар әлемі инспекциясы орман және ерекше қорғалатын аумақтар бөлімінің бас маманы. – Қазір құжаттама әзірлену үстінде. Бұған қанша уақыт кететінін айта алмаймыз. Бұл ұзақ әрі күрделі процесс, ұлттық парк ашу туралы шешім үкіметте қабылдануы тиіс.