• 3815 барлығы
  • 25 бір айлық
  • 0 апта ішінде

Ақпарат орталығы

Қарағанды облысының әкімі «Шахтер» футбол клубының басшылығына командаға қатысты сын айтты

 2013 жылы Еурокубокта өнер көрсеткен қарағандылық «Шахтер» футбол командасының бүгінгі жайы алаңдатарлық. Анталияда өткен жиынның және еліміздегі маусымның алғашқы ойындарының қорытындысы бойынша «кеншілер» үш ұпаймен турнир кестесінде соңғылардың бірі болып тұр. Облыс әкімі Ерлан Қошанов футбол клубының басшылығымен кездесіп, команданың жағдайымен танысты.
- Жеңілістерге басты ойыншылардың жарақат алулары себеп, - деп түсіндірді клубтың атқарушы директоры Асқар Әбілдаев. – Негізгі сегіз ойыншымыз жоқ. Әрбір бас бапкердің кез келген матчта сенім артатын ойыншылары болатынын білесіз. Олардың барлығы жарақат алды. Анталияда өткен бастай кездесулерде үшеуі, 16 сәуірде «Тобыл» командасымен өткен соңғы кездесуде тағы үшеуі ...
Асқар Әбілдаевтің сөзін бөлген аймақ басшысы ойыншылардың жиі жарақат алуы кәсіпқой еместіктің белгісі екендігін айтты.
- Жоқ, Ерлан Жақанұлы, - деп команданың бас бапкері әкімнің пікірін өзгертпек болды. – Мен ойынды бірнеше рет қарап шықтым, барлығы жанама жарақаттар. Бұлшық еттері аман. Футбол – жанама спорт түрі ғой… Әрине, нәтижелер біз ойлағандай емес. Бірақ бас бапкер ретінде команданы іштей танимын, мен ойыншылардың қолынан келетінін білемін. Оларға сенім ұялату керек…
- Күзге дейін созылып жүресіздер ме?! – деді Ерлан Қошанов. – Бізге қазір нәтижелер керек! Асқар Зубайділдаұлы, сіз қарағандылықсыз ба? Иә! Егер бапкермен келісім-шартты бұзсақ, ол кетеді, сіз қаласыз. Адамдардың көзіне қалай қарайсыз? Олар сізге жұмыс берді. Сіз салық төлеушілердің ақшасын жұмсап отырсыз! Қаншама ақша! Еңбекақыларыңа ризасыздар ма? А? Ал бізге сіздердің ойындарыңыз ұнамайды!
Аймақ басшысы футбол клубының басшылығынан нақты ештеңе ести алмағанын айтты. Олар жеңілістердің себебін атап көрсетпеді. Нақты іс-қимылдар жоспары жоқ. Әкім «Шахтер» командасынан қызылордалық командаға ауысып кеткен Байжановты есіне алды.
- Байжановты неге жібердіңіздер? Ол шебер ойыншы болған. Мұны бірнеше жылдан бері қарағандылық команданы қолдап жүрген жанкүйер ретінде айта аламын.
- Клуб басшылығы жүргізетін келіссөздер дұрыс болмағандықтан кетті, - деді дене шынықтыру, туризм және спорт басқармасының басшысы Наталья Сухорукова.
Кездесу қорытындысы бойынша әкім Наталья Сухоруковаға жұмыс тобын құрып, бір аптаның ішінде мән-жайды анықтауды тапсырды. Бірінші кезекте, командаға алынған легионерлердің болашағы бар ма екенін анықтау қажет.
- Бір айдан кейін кезедсеміз, - деді аймақ басшысы. – Ал бас бапкер ретінде, Алексей Борисович, сізге берер кеңесім: егер қолыңыздан түк келмесе, орынды босатыңыз. Қажет болса, орныңызға кісі табамыз.