• 4350 барлығы
  • 18 бір айлық
  • 0 апта ішінде

Ақпарат орталығы

Қарағандыда 2017 жылы Орталық саябақты абаттандыруға шамамен 500 млн теңге жұмсалады

 Елордалық «Астана Инжиниринг» компаниясы Қарағанды Орталық мәдениет және демалыс саябағы құрылысының үш жылға есептелген жобасын әзірледі. Оны жүзеге асыру үшін бір миллиард теңгеден астам қаржы керек. Жоба аясында саябақтың батыс бөлігі абаттандырылады. 2017 жылы қалалық бюджеттен бірінші кезеңге 486 млн теңге бөлінді.
Жұмыстарды маусым айында бастау жоспарланған. Байқаудың қорытындысы бойынша мердігер анықталады. Бірінші кезеңде Газалиев көшесінен Ержанов көшесіне шығатын шағын көлге дейінгі гүлбақты абаттандыру қарастырылған. Жүгірумен және велосипед спортына әуес жандарға жаңа жолдар жасалмақ. Жобаға осы аймақты жарықтандыру мен көгалдандыру кіреді. Кәсіпкерлерге аттракциондар мен жылдам тамақтану дүңгіршектері үшін орындар ұсынылады.
«Меніңше, қалалықтар саябақтың батыс бөлігін дамыту жөніндегі бастаманы бағалайды. Бұл бізге үлкен рекреациялық аймақ құруға мүмкіндік береді. Біздің паркті жақсарту үшін инвесторлар тартамыз», - деді Қарағанды әкімі Нұрлан Әубәкіров.