• 3953 барлығы
  • 21 бір айлық
  • 0 апта ішінде

Ақпарат орталығы

Қарағанды облысында мемлекеттік қызметшілер спартакиадасы өтті

 Мамандандырылған спартакиадаға қалалар мен аудандардың 14 әкімдігінен 160-тан астам мемлекеттік қызметші қатысты. Қатысушылар жеті спорт түрінен күш сынасты.
Барлық кезеңдердің қорытындысы бойынша Қарағанды облысы әкімінің құрамасы жеңіл атлетика мен жүзуден бірінші, шағын футбол мен үстел теннисінен екінші, және волейболдан үшінші алды.
Қарағанды әкімінің қызметкерлері волейболдан төртінші, ал жүзуден үшінші болды.
Теміртау қаласы әкімінің аппараты үстел теннисінен жеңімпаз атанды. Жеңіл атлетикадан теміртаулық мемлекеттік қызметшілер «қола» алса, шағын футболдан бесінші орынға табан тіреді.
Нұра мен Жаңаарқа аудандарының өкілдері топ жарды. Гір көтеруден жаңаарқалықтар көш бастаса, Нұра ауданындағы әріптестері екін орын алды. Армрестлингте керісінше – нұралықтар көш бастады.
Ақтық кезеңге қатыса алмаған жалғыз команда – Бұқар жырау ауданының командасы. Шенеуніктер су тасқыны салдарынан Қарағандыға келе алмады.