• 3953 барлығы
  • 21 бір айлық
  • 0 апта ішінде

Ақпарат орталығы

Қарағандылық мектептерде «STREET WORKOUT – ұрпақ денсаулығы» қозғалысы насихатталуда

 Қарағанды қаласының № 101 мектеп-лицейінде STREETWORKOUT жастар қозғалысының белсенділері презентация мен шеберлік сыныбын өткізді. Оқу мекемесінің алдында турниктер мен қоссырықтар орнатылды, жаттығулар көрсетілді.
«Біз Street Workout - ұрпақ денсаулығы» жобасын әзірледік. Ол Қарағанды әкіміне таныстырылды. Жоба аясында қала мектептерінде көрнекі көрсетілімдер қарастырылған. Басты мақсаты - ең қолжетімді спорт түрі болып табылатын Street Workout-ты дамыту», - деді Street Workout Қазақстан федерациясы Қарағанды филиалының басшысы Әлішер Самарбаев.
Ол қала әкімдігіне, қалалық білім басқармасына және жастар ресурстық орталығына қолдаулары үшін алғысын білдірді.
Жыл соңына дейін спортшылар Қарағандының тоғыз мектебінде презентациялар өткізуді жоспарлап отыр.
Воркаут (ағылшын тілінен аударғанда - жаттығу) - әуесқой спорт түрі, дене шынықтырудың бөлігі. Оған көшедегі спорт алаңдарында, атап айтқанда турниктер мен қоссырықтарда және басқа да құрылыстарда, немесе оларды пайдаланбастан (жерде) жаттығулар орындау кіреді. Өз салмағыңмен жұмыс істеуге, күш пен төзімділікті дамытуға баса назар аударылады.


Фото: Қарағанды әкімдігінің ресми сайты