• 3853 барлығы
  • 10 бір айлық
  • 0 апта ішінде

Ақпарат орталығы

Қарағандыда халықаралық студенттік олимпиадада суперполиглот анықталады

 Е. Бөкетов атындағы ҚМУ-де мамырдың 4-і мен 6-сы аралығында болашақ мұғалімдер арасында көптілділік бойынша халықаралық студенттік олимпиада өтеді.
Қатысушылар үш немесе одан да көп тілдерді білуі тиіс: ана тілі, мемлекеттік, аймақтық және/немесе шетел тілдері. Ана тілі мемлекет тіл болса, қатысушы Орталық Азия елдерінде және Қазақстанда қолданылатын тілдердің біреуін, оның ішінде орыс тілін таңдай алады.
Олимпиада бірнеше кезеңмен өтеді. Бірінші турда қатысушылар кем дегенде үш тілді меңгеру бойынша сынақтан өтеді. Екінші турда шет тілінде кемінде үш жүз сөзден тұратын эссе жазады. Үшінші және соңғы кезеңде қатысушылар таңдаған тақырыптарын көпшіліктің талқылауына салады. Жеңімпаз жиналған ұпай саны бойынша анықталады. Үш тілден артық меңгергендер үшін қосымша турлар мен «Орталық Азия тілдерін жетік меңгерген үздік білімпаз» және «Суперполиглот» номинациялары қарастырылған.
Олимпиадаға қатысушылар арасында қазақстандықтар да, Орталық Азия өкілдері де болады деп күтілуде.
Халықаралық студенттік олимпиада аясында сондай-ақ көп тілді білім беру үшін кадрларды дайындау мәселелері бойынша семинар өтеді. Оқытушылар үшін екінші тілді үйрету және пән мен тілді біріктіріп оқыту әдістемесі бойынша шеберлік сыныптары ұйымдастырылады.
Олимпиаданың мақсаты білім беру арқылы тілдік және мәдени әралуандылықты сақтау және дамыту болып табылады.