• 3853 барлығы
  • 10 бір айлық
  • 0 апта ішінде

Ақпарат орталығы

Қарағандыда Наталия Сац атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрының гастрольдері өтеді

 Алматы қаласының жас көрермен театры 28-30 сәуірде облыс орталығына гастрольмен келеді. Көрермендер назарына төрт спектакль ұсынылады, оның біреуі екі сағаттық және үшеуі – балаларға арналған. Кішкентай оқушыларға арналған спектакльдер бір сағатқа созылады.
Қойылымдар Станиславский атындағы театрда көрсетіледі. Билеттер кассаларда сатылады. Таңертеңгі спектакльдердің құны 350 теңге. Кешкі қойылымдар – 600 теңгеден 800-ге дейін.
Сац атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрының гастрольдерінің бағдарламасы:
28 сәуір, жұма.
12:00 – Сұлу мен Құбыжық (Шарль Перро)
18:00 – Алқызыл желкендер (Александр Грин)
29 сәуір, сенбі
12:00 – Қанатты ат (Петр Ершов)
17:00 – Алқызыл желкендер (Александр Грин)
30 сәуір, жексенбі
12:00 – Сұлу мен Құбыжық (Шарль Перро)
17:00 – Тынышсыз рух (Энн Кроуард)