• 3853 барлығы
  • 10 бір айлық
  • 0 апта ішінде

Ақпарат орталығы

Ерлан Қошанов «Нұр Отан» партиясының Қарағанды облыстық филиалының басшысы болды

 Қарағандыда «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының кезектен тыс XXVII конференциясы өтті. Партия мүшелері бірінші тоқсанда атқарылған жұмыстардың қорытындысы туралы есеп берді. Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов облыстық партия ұйымының жаңа төрағасы болып сайланды.
«Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қадиша Оспанова бірінші тоқсанда атқарылған жұмыстар мен 2017 жылдағы басты міндеттер туралы баяндады. Жыл басынан бері қарағандылық нұротандықтар мемлекеттік саясатты түсіндіруге бағытталған 4000 аса шара өткізді.
Партия өкілдері азаматтардың әлеуметтік мәселелерін шешуге көмектеседі, деді Қадиша Оспанова. «Жыл сайын партия филиалдарына азаматтардан 5000-нан астам өтініш келіп түседі. Жыл басынан бері 1800 адам партияның көмегіне жүгінген. Өтініштердің басым бөлігі бойынша кеңестер мен түсіндірмелер берілді», - деді Қадиша Оспанова.
Баяндамашы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жұмыстарына тоқталды. 2016 жылы бірінші тоқсанда партияның 9 өкілі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар және екеуі партияішілік тәртіпті бұзғаны үшін жазаға тартылды.
Конференцияның күн тәртібіндегі келесі мәселе партия филиалының төрағасын сайлау болды. Филиалдың бұрынғы төрағасы, Қарағанды облысының әкімі болған Нұрмұхамбет Әбдібеков Астанада қызмет етеді. «Нұр Отан» партиясының хатшысы Наталья Годунова Ерлан Қошановтың кандидатурасын ұсынды. Конференция делегаттары оны бірауыздан қолдады.
Ерлан Қошанов партия өкілдеріне білдірген сенімдері үшін алғысын айтты. «Бірінші кезекте, бұл Мемлекет басшысының сенімі және сіздердің сенімдеріңіз. Мен үлкен жауапкершілікті сезінемін. Алда үлкен міндеттер тұр, оны бірге іске асыратын боламыз», - деді жаңадан сайланған облыстық партия ұйымының басшысы.
Мұнымен қоса, облыстық филиалдың Саяси кеңесінің құрамына өзгерістер енгізілді.
Қарағанды облысында «Нұр Отан» партиясының мүшелерінің саны 105 мың адам.