• 4349 барлығы
  • 17 бір айлық
  • 0 апта ішінде

Ақпарат орталығы

ҚР ТЖ комитетінің төрағасы Қарағанды облысындағы жағдаймен танысты

 Су тасқыны жағдайын бағалау мақсатында аймақ тікұшақпен тексерілді. Тұрғын үйлері мен автомобиль жолдарының учаскелері су астында қалаған елді мекендерге баса назар аударылды.
ТЖ комитетінің төрағасы Владимир Беккер Нұра ауданындағы Киевка елді мекенінің аумағын, сондай-ақ, Нұра мен Шерубай-Нұра өзендерінің арнасын қарап шықты.
Су қорғау аймағы мен елді мекендердегі су деңгейі бақылауға алынды, деп хабарлады облыстық су тасқынына қарсы штабтан. Су тасқыны жағдайына күн сайын мониторинг жүргізіледі.
Су тасқыны басталғалы су астында қалған аймақтардан 1970 адам эвакуацияланды, 5630 бас ірі қара мал мен ұсақ қара мал қауіпсіз жерге айдалды.
Өткен тәулікте Нұра ауданындағы Тассуат және Заречное ауылдарындағы елді мекендерде ұзындығы 340 метрлік 68 арнайы қорғайтын барьер (габион) қойылды.
Еріген қар суларын бұру және елді мекендерді қорғау үшін 37,3 км астам үйінді жасалып, 17,7 км жуық бөгет бекітілді, шамамен 50,5 мың қап қойылды, 10764,5 текше м астам су тартылды.
Су тасқыны кезеңінде авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстарға жеке құрамнан 3016 адам, 909 дана техника, 8 су сорғытатын құрал мен 37 жүзу құралы тартылды.
Облыстың барлық өзендерінде су деңгейінің айтарлықтай төмендегені байқалады, су қоймаларында су ағызу көлемі азайды.
Облыстық су тасқынына қарсы штабтың «қауырт желісінің» телефондары: 8(7212)558786; 8(7212)517223.