• 4350 барлығы
  • 18 бір айлық
  • 0 апта ішінде

Ақпарат орталығы

21 сәуірден 7 мамырға дейін Астана – Қарағанды әуе рейсінің кестесі өзгереді

 «AirAstana» компаниясы алдағы күндері «Астана - Қарағанды» рейсінің ұшу уақыты өзгеретінін жариялады. Бұған 21 сәуірден бастап елордада 7 мамырдағы парадқа дайындық басталатыны себеп. Дайындық кезінде аэродром ауданындағы әуе кеңістігі жабылады.
- Аталған күндерге билет сатып алған жолаушыларды хабардар еттік, - дейді «AirAstana» компаниясының брондау және ақпарат орталығындағылар. – Әрбір рейс бойынша нақты ұшу уақытын айта алмаймыз, өйткені, әуе кеңістіктері әртүрлі уақыттарда жабылады.
Қосымша ақпаратты +7 727 2 44 44 77 және +7 717 2 58 44 77, + 7 702 702 44 77 номерлері бойынша Брондау және ақпарат орталығынан, «AirAstana» әуе компаниясының және Астана әуежайының ресми сайттарынан алуға болады. Сонымен қатар, толық ақпарат 8 (7172) 70-29-99 номері бойынша беріледі.