• 3953 барлығы
  • 21 бір айлық
  • 0 апта ішінде

Ақпарат орталығы

«Қарағанды - Жезқазған» автожолын жөндеуге 2 миллиард теңге бөлінеді

 Қарағанды облысында «Қарағанды-Жезқазған» автожолының бүлінген бөлігі жөнделеді. Республикалық бюджеттен 2 миллиард теңге бөлінеді. Бұл туралы облыс әкімі Ерлан Қошанов Жезқазғанда өткен көшпелі кеңесте мәлім етті.
«Қарағанды-Жезқазған» тас жолын жөндеу мәселесін шештік. Инвестициялар және даму министрлігімен бірлесіп үлкен жұмыс атқарылды. Жолды жөндеу үшін республикалық бюджеттен қаржы табылды. Жалпы кома 2 миллиард теңгені құрайды. Шамамен 200 км проблемалық учаске жөнделеді», - деді Ерлан Қошанов.
Бірінші транш - бір миллиард теңге алынды. Екінші бөлігі мамыр айында болады деп күтілуде.
«Қазақавтожол» кәсіпорнының хабарлауынша, жөндеу жұмыстары екі кезеңмен жүргізіледі. Жаңартылған тасжол қазан айына қарай пайдалануға берілмек.