• 3953 барлығы
  • 21 бір айлық
  • 0 апта ішінде

Ақпарат орталығы

Финляндиялық органшы Ирина Лампен Қарағандыда өнер көрсетеді

 30 сәуірде Қарағандыда Финляндияның Котка қаласының лютерандық шіркеуінің бас органшысы Ирина Лампен өнер көрсетеді. «Скандинавские истории и не только…» органдық музыка концерті Фатима Мария соборында (Шахтерлар даңғ., 32) өтеді.
Ирина Лампен Карелияда туған. 1991 жылы Петрозаводск музыкалық училищесін «Музыка теориясы» мамандығы бойынша бітіріп, алғашқы музыкалық білім алған. 2001 жылы Ирина Хельсинкиде Сибелуис академиясын орган классы бойынша тәмамдайды. Питера ван Дайк, Вольфганг Церер, Ганс Давидсон, Жак ван Ортмерсен, Людгер Ломанның халықаралық шеберлік сыныптарына қатысқан.
1999 жылдан бастап Котка қ. інжілдік-лютерандық шіркеуінің бас органшысы. Орган 1998 жылы шіркеудің 100 жылдығына орай Фрайбергте (Саксония) Кафедралды собордағы неміс орган жасау шебері Готфрид Зильберманның жұмысына қарап жасалды.
Ирина Финляндияда және шет елдерде концерттер өткізеді, шіркеу музыкасы саласындағы жетекші мамандардың бірі.
Билеттің бағасы - 1500 теңге. Қосымша ақпаратты 8778-628-13-38 телефоны арқылы алуға болады.