• 3953 барлығы
  • 21 бір айлық
  • 0 апта ішінде

Ақпарат орталығы

Қарағандыда 9 мамыр күні Жаужүрек полкі шеруі өтеді

 Қарағандыда Жеңіс күнін мерекелеу аясында дәстүрлі Жаужүрек полкі шеруі өткізіледі. Былтыр шараға 5 мыңнан астам адам қатысты. Алдын ала есептеулер бойынша биыл олардың саны 10 мыңға жетуі мүмкін.
Акция майданда қан төккен, тылда еңбек еткен немесе сұрапыл соғыс жылдарын басынан өткерген жақындарымызды еске алуға бағытталған. Шеруге қатысушылардың қолында фотосуреттер немесе тақтайшалар болады. Шеруге фотосуретсіз де қосылуға да болады.
Акцияға қатысуға ниет білдіргендер 9 мамырда таңғы сағат 8.30-да Мира желекжолындағы «Солнышко» супермаркетінің жанында жиналады. Шеру Гоголь көшесінен басталып, «Арман» боулингі арқыылы Мәңгілік алау мемориалына дейін жүріп өтеді. Шара соңында салтанатты митинг пен гүл қою рәсімі ұйымдастырылады.
Қосымша ақпаратты 8 701 522 23 06 немесе WhatsApp 8 771 528 04 30 телефондары бойынша акцияның Қарағандыдағы ұйымдастырушысы Оксана Олжабаевадан алуға болады.