• 4074 барлығы
  • 28 бір айлық
  • 0 апта ішінде

Ақпарат орталығы

Саран қаласының жаңа әкімі тағайындалды

 Бүгін Қарағанды облысының басшысы Ерлан Қошанов Саран қаласы әкімі лауазымына осыған дейін Октябрь ауданының әкімі қызметін атқарып келген Ержан Темірхановты тағайындады.
Ержан Темірханұлы 1980 жылы дүниеге келген. Екі жоғары білімі бар. Бірінішісі, заң білімін Қарағанды заң институтында 2002 жылы алған. Екінші жоғарғы білімін Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік униварситетінде «Қаржы» мамандығы бойынша 2007 жылы алған.
Өзінің еңбек жолын ол 1997 жылы Алматы қаласы бойынша кедендік бақылау департаментінде бастаған. 2005-2008 жылдар аралығында «Терма-Ақсай» құрылыс компаниясының басшысы қызметін атқарған. 2013-ші жылға дейін Қарағанды облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы, сонан соң Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған. 2013-ші жылдан бастап Октябрь ауданының әкімі лауазымында қызмет еткен.
Саран қаласы әкімінің орнына Ержан Темірхановтың кандидатурасын жергілікті мәслихат депутаттары бір ауыздан құптады.
Оның алдында бұл қызметте болған Анатолий Шкарупа бүгін облыс әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды. Ол ТКШ, ТЖ және энергетика салаларына жетекшілік ететін болады.
- Менің ойымша Анатолий Валерий ұлы Саран қаласы әкімі қызметін жақсы атқарды, - деді облыс әкімі Ерлан Қошанов. – Қаланың дамуы мен жетілуінде оң қадамдар бар, сіздер байқаған боларсыздар. Қазір енді біз жаңа әкімге облыстан көмек көрсететін боламыз. Мен қызметіме кіріскен күннен бастап Саран қаласындағы жылыту қазандығының проблемасымен айналысудамын. Осыған дейін Саранда болып қайтқанмын, жолдар, аулаларға қатысты проблемалар бар екенін білемін. Жаңа әкім осы мәселелерді тереңірек білгенін қалаймын. Бір-екі айдан соң кездесіп, ол жайлы толығырақ әңгімелесеміз.
Өз кезегінде Ержан Темірханов аймақ басшысына оған артып отырған сенімі үшін алғысын білдіріп, алға қойылған міндеттерді орындауға уәде берді.