• 4213 барлығы
  • 38 бір айлық
  • 0 апта ішінде

Ақпарат орталығы

Аймақ басшысы Қарқаралы ауданына қарасты Бесоба селолық округінің отбасылық-дәрігерлік амбулаториясының жұмысымен танысты

 Соңғы 6 жылда Бесоба селолық округінде нәресетелер өлімі тіркелмеген.
2016 жылда елді мекенде 20 сәби дүниеге келген, ал 2017 жылдың 4 айында 9 нәресте жарық дүние есігін ашқан. Ал жергілікті тұрғындардың орташа өмір сүру көрсеткіші 79 жасты құрайды екен.
- Біздің дәрігерлік амбулатория құрамына Ынталы ФАП (фельдшерлік акушерлік пункт), Қарашоқы МП, Қызылту МП кіреді,- деді амбулаторияның бас дәрігері Салтанат Алмаған. – Жалпы есептегенде біз 2100 адамды қамтимыз. Ол Бесоба селосының және маңайдағы елді мекендердің тұрғындары. Күндізгі стационарда 5 кереует бар. Жылына онда 300-ге жуық адамды емдейміз.
«Бесоба» дәрігерлік амбулаториясында физио, ана мен бала кабинеттері және алғашқы медициналық көмек көрсетуге арналған негізгі құрал-жабдықтар бар.
Медициналық мекеменің орналасқан ғимараты 1924 жылы салынған. 2010 жылы ғимарат толық жөндеуден өтіп, қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілген.
Қазіргі таңда отбасылық-дәрігерлік амбулаторийде І-ші санаттағы жалпы тәжірибе дәрігері мен 9 орташа медициналық қызметкерлер жұмыс атқарады.