• 4350 барлығы
  • 18 бір айлық
  • 0 апта ішінде

Ақпарат орталығы

120 еріктілер Қарағандыдағы жартылай марофон қашықтыққа қатысуға тіркелді

 Қарағандыда жартылай марафон жүгірісін өткізу идеясы қолдау тапты. «Karaganda Half Marathon «Арманға жол» - flakar.kz сайты жұмыс істейді. Мұнда жартылай марафонға қатысуға онлайн-тіркеу жүріп жатыр.
«3 мамырдан бастап қатысушылардың онлайн-тіркеуі басталды. Кез келген ниет білдіруші сайтқа кіріп, тіркеліп, өзі үшін қашықтықты таңдай алады. Бүгінде 278 адам, олардың ішінде 120 – 21 шақырымдық «Арманға жол» жүгірісіне, 71 – 10 шақырымдық «Спутник» жүгірісіне және 87 – 5 шақырымдық «Достық» жүгірісіне тіркелген, - деді Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Наталья Сухорукова.
Оның айтуынша, екі желаяқ Астраханнан және екеуі Қырғызстаннан жазылыпты. «Елдің бес үздік марафоншылары өздерінің қатысатынын растады», - деп қосты Наталья Сухорукова.
Жетекші атлеттермен бірге сөреге жай қатысып, нәтижеге жүгіргісі келмейтіндерге тіркелу міндетті емес. Жарыс күні оларға таңдалған қашықтыққа нөмір беріледі.
Нәтижелер есебі электронды хронометражды жүйе көмегімен өткізіледі.
«Бұл үшін Алматыдан MYLARS жүйесімен мамандар шақырылды. Басты құраушы жүйе – бұл шағын бір реттік электронды чип, төс нөмірінің артқы жағына бекітілетін қатысушының жеке сәйкестендіру кодымен ақпарат тасымалдағыш. Бұл жүйе қатысушының қашықтықтан өтуінің дәл уақытын, позициясын, толық дерегі – тегін, атын, жасын көрсетеді. Жүйе нәтижелерді тез арада өңдейді. Бұл мәре сызығынан өткеннен кейін жеңімпаздарды марапаттауды бірден өткізуге мүмкіндік береді», - деп түсіндірді Наталья Сухорукова.
Ұйымдастырушылар көрермендерге ойын-сауық бағдарламасын өткізуге уәде береді. Алаңда спортшылар өздерінің шеберліктерін көрсетеді. Техникалық шығармашылық көрмесі, бауырсақ пен қымыз фестивалі жоспарлануда.
«Karaganda Half Marathon «Арманға жол» жартылай марафоны Қарағандыда 3 маусым күні өтеді.
Жыл сайын әлемнің көптеген елдерінде шамамен 800 марафон жүгірістері өткізіледі. Ең біріншісі 1897 жылы 20 мың адамның қатысуымен өткен Бостон марафоны саналады. Қазақстанда бірінші марафон алты жыл бұрын 2600 желаяқтардың қатысуымен Алматыда өтті. Астанада бірінші марафон 2015 жылдың 13 қыркүйегінде ұйымдастырылған болатын.