• 4074 барлығы
  • 28 бір айлық
  • 0 апта ішінде

Ақпарат орталығы

Қарағандыда мүмкіндіктері шектеулі спортшыларға арналған спартакиада өтеді

 Облыс орталығында мамырдың 18 жұлдызынан 20 аралығында мүмкіндіктері шектеулі спортшыларға арналған спартакиада өтеді. Онда облысымыздың түрлі аудандарынан келген командалар қатысады. Қатысушылар спорттың бес түрінде жарысатын болады. Есту жағынан проблемасы барлар мини-футболда ойнайды, нашар көретіндер мен қимыл- тірек аппараты бұзылған қатысушылар тоғызқұмалақта жарысады. Жеңіл атлетика мен үстел теннисі бойынша эстафетаға қимыл- тірек аппараты бұзылған спортшылардың қатысуына рұқсат беріледі. Сонымен бірге, нашар көретіндерге дойбы бойынша жарыстар дайындалды.
Мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған бірінші спартакиада Қарағанды облысында 2014 жылдың жазында өткенін еске саламыз. Онда бірінші орынды Қарағанды құрамасы жеңіп шықты. Спортшылар 106 ұпай жинады. Екінші және үшінші орынды Теміртау және Жезқазған командалары алды.