• 3953 барлығы
  • 21 бір айлық
  • 0 апта ішінде

Ақпарат орталығы

Қарағанды мемлекеттік медициналық университеті ғылыми-инновациялық қызмет рейтингінде үздік атанды

 Сарапшылар зерттеу ұйымдары мен медициналық ЖОО-ын 2016 жылғы ғылыми және инновациялық қызметінің көрсеткіштері бойынша бағалады. Нәтижелерді денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы жариялады. Алдыңғы қатарда Қарағанды мемлекеттік медициналық университеті. Одан кейін Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтикалық академиясы мен Астана медициналық университеті.
«Біздің университет ғылым қызметінің индикаторы бойынша бағалау жүретін рейтингте бірінші рет үздік болып отырған жоқ. Ғылыми мақалалардың жарияланымдары мен олардың дәйексөзделуі, бірінші кезекте шетелдегі түрлі форумдар мен конференциялардағы сөз сөйлеулер сияқты көрсеткіштер ескерілді. Студенттердің ғылыми белсенділігі де бағаланады, -деді ҚММУ стратегиялық даму, ғылым және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор Анар Тұрмұхамбетқызы. – Біздің ЖОО өзінің даму стратегиясында әлемнің жетекші ұйымдары мысалында зерттеу университеті болу мақсатын қойды».
ҚММУ стратегиялық әріптестерінің бірі бүгінде әлемдік университеттердің топ 100 кіретін LundUniversity (Швеция) болып табылады. Сонымен бірге, ЖОО Еуропа мен Азияның көптеген университеттерімен ынтымақтастық етеді. «Оқытушыларымыздың ғылыми әлеуетін арттыру үшін шетелден мамандарды үнемі тартамыз. Қазір бізге Франция мен Италияның Пуатье және Милан университеттерінен профессорлар келген. Олар студенттермен, магистранттармен және докторанттармен жұмыс істеуде», - деп атап өтті проректор.
Оның айтуынша, университет қоржынында 35 грант жобалары бар. «ЖОО-да өте жақсы материалдық-техникалық база бар. Бізде түрлі бейіндер бойынша 11 ғылыми оқу зертханалары жұмыс істейді. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен заманауи жабдықтармен жарақталған геномды зерттеулер бойынша зертхана құрылды, - дейді Анар Тұрмұхамбетова. – Біздің зерттеулердің негізгі бағыттары экология және адам денсаулығы, аурулардың молекулярлық-геномды негіздері, жаңа дәрілік препараттарды іздеулер болып табылады. Еңбек гигиенасы және кәсіби аурулар ұлттық орталығымен бірлесіп Арал маңы тұрғындарының денсаулығы зерттелді. Сондай-ақ, бизнес-қауымдастықтарымен, трансұлттық компаниялармен қаржыландырылатын жобаларды орындаймыз».