• 4350 барлығы
  • 18 бір айлық
  • 0 апта ішінде

Ақпарат орталығы

Қарқаралы ауданында жаңа отбасылық-дәрігерлік амбулатория салынып, жолдар жөнделетін болады

 Ауданның жетістіктері мен қазіргі таңдағы өзекті проблемаларын облыс әкімі өз көзімен көріп қайтты.
- 2017 жылдың 4 айының қорытындысы бойынша жалпы экономиканың көлемі 9,5 миллиард теңгені құрады, - деп мәлімдеді Қарқаралы ауданының әкімі Халел Мақсұтов. –Аудандық бюджет қаржысы 99,8 пайызға игерілді. Алдағы уақытта ұзақ мерзімді жалға берілген жерлерде демалыс үйлері салынады деп жоспарлануда.
Бұл ретте аймақ басшысы аудан әкіміне бұл мәселені қатаң бақылауды тапсырды.
- Кейбір адамдар жер учаскілерін алады да, оны игермейді. Өздері қалада тұрады, ал жер сол күйі еш қараусыз бос қалады. Сол секілді жайттарды қадағалаңыздар. Ол жер телімдерін қолынан іс келетін адамдарға беріңіздер. Заңда барлығы жазылған. Қараусыз, игерілмеген жерлерді тартып алып, басқа да азаматтарға берген жөн, - деді облыс әкімі.
Сонымен қатар аудан басшысы мал шаруашылығы мен шағын және орта бизнестің дамуы туралы есеп берді.
Биылғы жылы аудан бойынша жоспарға сәйкес 54,8 мың гектар жерге дәнді-дақылдар себу жоспарлануда. Егістік алқаптарының дер кезінде кеппеуіне байланысты себу жұмыстары кешеуілдетіп жүргізілуде. Бүгінгі күні аудан бойынша 3300 га. егін себілуде, орындалысы 6 %.
Жиналыс барысында ауданның ең өзекті проблемалардың бірі – жолдарды жөндеу мәселесі талқыланды. Қарқаралы ауданы бойынша 1108 шақырым автомобиль жолдары бар, оның ішінде 165 шақырым – республикалық, 311 шақырым – облыстық және 632 шақырым – аудандық маңызы бар жолдар. Биылғы жылы Қарағанды – Қарқаралы бағытындағы жолдың 94 шақырымы жөнделеді, оның 51 шақырымы «Қарағанды-Аягөз-Бұғаз» республикалық маңызы бар автожолдың бөлігі. Айта кету керек, бұл тас жол 1957-64 жж. салынған. Сол уақыттан бері бірде бір рет жөндеуден өтпеген. Жоспарланған жөндеу жұмыстары 2017 жылдың тамыз айына дейін аяқталуы тиіс.
Ауданның денсаулық сақтау саласы да назардан тыс қалмайды. Қарағайлы кентінде жалпы ауданы 700 текше метрді құрайтын, бір ауысымда 25 емделушіні қабылдай алатын, күндізгі стационары бар жаңа отбасылық-дәрігерлік амбулаторий салынады. Құрылыс жұмыстары 2018 жылы аяқталуы тиіс. Сонымен қатар биылғы жылы Тәттімбет, Томар, Егіндібұлақ елді мекендеріндегі медициналық мекемелер үшін жалпы құны 14,9 млн. теңгені құрайтын 3 санитарлық көліктер сатып алынады.
Сондай-ақ аудан орталығында ескі туберкулез диспансерінің орнында санаторий ашу жоспарда бар.
- Айта кететін жайт, соңғы жылдары туберкулез дертіне шалдыққандар саны төмендеді,- деп әкім алдында облыстық денсаулық сақтау басқарамасының басшысы Ержан Нұрлыбаев әкім алдында есеп берді. – Барлықтарыңызға белгілі, Қарқаралыдан шығаберісте туберкуз дертін емдейтін диспансер болатын. Біз оны емделушілер саны күрт төмендегендіктен жауып тастадық. Биылғы жылы сол жерде санаторий ашу мүмкіндігін қарастырып жатырмыз. Ол сауығу мекемесінде жергілікті халық емделу мүмкіндіне ие болады. Сонымен қатар қосымша жұмыс орындары ашылады.
Соңғы жылдары ауданда ана өлімі тіркелмеген, ал нәсертелердің шетінеу көрсеткіші орташа облыстық көрсеткіштен төмен.
Алайда ауданда күрмеулі мәселелер де бар. Солардың бастысы – жұмыс кадрларының тапшылығы. Қазіргі таңда жас мамандарды ауданға тарту бойынша кешенді шаралар ұйымдастырылып жатыр.
Сонымен қатар жиналыс барысында облыс әкімі Ерлан Қошанов аудан орталығында денешынықтыру-сауықтыру кешенін салу мәселесін қарастыруды тапсырды. Бүгінгі күні жергілікті бюджеттен бөлінген 4 миллион теңгеге жобалық-сметалық құжаттар дайындалған.
- Айта кету керек, жоба бойынша алғашында нысанның орналасуы батпақ жерде болатын,- дейді облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы Наталья Сухорукова. – Болашақ нысанның орналасатын жерін ауыстырсақ жөн болар еді. Мектептің маңына салсақ, оқушылар дене шынықтыру сабағыныда сол кешенге барып тұрса ыңғайлы болады деп ойлаймыз. Қазіргі жобалық құжаттар бойынша діңгектік алаң жасау керек. Ол өз кезегінде жобаны 100 млн. теңгеге қымбаттатып тұр.
- Бұл денешынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысына қаражат табу керек, - деді аймақ басшысы. – Егер біз келесі жылдың наурыз айында құрылысын бастасақ, желтоқсан айына дейін бітіреміз деп ойлаймын. Осы секілді әлеуметтік маңызы бар нысандар тұрғындар үшін қажет.
Қарқаралы ауданына жұмыс сапары барысында облысәкімі Ерлан Қошанов Қарағайлы және Егіндібұлақ кенттерінің тұрғындарымен кездесті. Іссапар қорытындысы бойынша жергілікті халықтың ортаға салған проблемалық сұрақтары қарастырылатын болады.