• 3953 барлығы
  • 21 бір айлық
  • 0 апта ішінде

Ақпарат орталығы

Қарқаралы ауданында энергия шығаратын жел генераторы пайда болады

 
Қарқаралы ауданында құны 44 миллиард теңгені құрайтын жаңа ауқымды жоба іске асырылады.
Ол жайлы облыс әкімі Ерлан Қошановқа аудан активінің отырысы кезінде «Шаңырақ» компаниясының жетекшісі Мұрат Доштаев мәлімдеді. Кәсіпкер алдағы уақытта жел генераторларын орнатуды жоспарлап отыр. Қазақстанда ондай қуат өндіретін құрылғылардың баламасы әзірге жоқ.
- Біздің жобамыздың құны 128 млн. еуроны құрайды. Жел генераторларын орнату арқылы біз еліміздің жасыл экономикасын дамытуға үлесімізді қоспақпыз,- деді «Шаңырақ» компаниясының директоры Мұрат Доштаев. – Қазіргі таңда жобалық құжаттар мемлекеттік сараптамаға қарастырылуға жіберілді. Нысанның қүрылысын осы жылдың маусым айында бастап, 2018 жылы аяқтауды жоспарлап отырмыз. Жоба қуаттылығы 60 МВт құрайды. Мамандарды Германияда оқытатын боламыз.
Жел генераторының құрылысы 220 жаңа жұмыс орнын ашады. Жоба аясында жұмыскерлерге арналған коттедж қалашығы салынады. Сонымен қатар кәсіпкер 70 орындық балабақша салуды көздеп отыр.
Аталмыш жоба облыс әкімінің көңілінен шықты. Ол осы секілді нысандар Елбасының «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыруда үлкен септігін тигізетінін атап айтты.
- Осындай кәсіпкерлер басқаларға үлгі болуы керек, - деді облыс әкімі. – Бұл адамдар тек өздерінің пайдасын ойлап қана қоймай, бірінші кезекте елі үшін, жері үшін жаны ашиды. Осы секілді жерлестеріміз көп болса нұр үстіне нұр болар еді. Ал жергілікті билік мұндай кәсіпкерлерді барынша қолдап отырулары тиіс.