• 3853 барлығы
  • 10 бір айлық
  • 0 апта ішінде

Ақпарат орталығы

Қарағандыда қылмыстық-атқару жүйесі реформаларының тиімділігі талқыланды

 Қазақстанда соңғы бес жылда бас бостандығынан айырылғандар саны үштен бір бөлікке қысқарды. Пробация институты кеңейтілді. Темір тордың арғы жағынан босатылған тұлғаларды әлеуметтік оңалту шараларын жетілдіру талап етіледі. Бұл жөнінде Қарағандыда өткен ҚР Парламентінің Сенаты Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары жөніндегі Комитеттің көшпелі отырысында айтылды. Оған ІІМ, Бас прокуратура өкілдері, ғалым-құқық танушылар қатысты.
2014 жылдың шілдесінде құқық қорғау реформасы шеңберінде ҚР жаңа Қылмыстық-атқару кодексі қабылданды. Оның қаншалықты жұмыс істейтінін, заңнамалық түзетулерді талап ететінін сенаторлар бағалауды шешті.
«Қарағанды облысында түзеу мекемелерінің көп саны шоғырланған, сондықтан мұнда көшпелі отырыс өткізуді шешті. Өңірде құқық қорғау органдары мен жергілікті атқарушы билік ынтымақтастығының оң тәжірибесі бар. Біз заң шығарушылар ретінде заңның қаншалықты жақсы істейтінін, қаншалықты оның атқару мекемелері қызметінің барлық саласын қамтитынын, заңнамаға қандай түзетулер енгізу қажеттілігін қарауымыз керек», – деді Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы Серік Ақылбай.
Реформа қылмыстық саясатты ізгілендіруге бағытталғанын тілге тиек етті ол. Мұндай шаралар Қазақстанға әлемдік түрме рейтингінде жағымсыз жетекшіліктен арылуға мүмкіндік бергенін отырыс қатысушылары атап өтті.
«Қазіргі таңда әлемдік түрме рейтингінде жетекшілік ететін 70 елдердің қатарынан шығу біздің елдің қолынан келетінін батыл болжамдауға болады, сонда үш жыл бұрын біз тек 33-орында болатынбыз», - деп ҚР Бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов мәлімдеді.
Соңғы 5 жылда елдегі түрме халқының саны 30% қысқарғанын ішкі істер вице-министрі Берік Бисенқұлов мәлімдеді.
«Соңғы екі жылда түзеу мекемелерінен шамамен 29 мың сотталғандар босатылды, бұл негізінен кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмыс жасаған және ішінара – өмірге қастандық жасаумен байланысты емес ауыр қылмыс жазасын өтеген тұлғалар. Түрме халқын қысқарту бойынша шаралар елдегі жедел криминогенді жағдайға әсер етпеді», - деп атап өтті.
Вице-министрдің айтуынща, сотталғандардың жағдайлары жақсартылды. Соңғы екі жылда республикада тозығы әбден жеткен 8 түзеу мекемелерінің ғимараттары жойылған.
«Қарағанды облысындағы, Шымкенттегі, Петропавлдағы, Ақтөбедегі 1500 орынға арналған үлгілік түзеу мекемелерінің құрылысы жоспарда бар. Жалпы бүгінде бізге 18 осындай үлгілік түзеу мекемелерін тұрғызу қажет», - деді Берік Бисенқұлов.
Отырыста пробация қызметінде есепте тұрған сотталғандар мен қамау орнынан босағандарды әлеуметтік оңалту проблемалары талқыланды. Бұл жұмыс жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп өткізіледі.
«Қарағанды облысында қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріне көмек көрсету бойынша 19 кеңес беру органдары жұмыс істейді. Олар сотталғандарды оқыту және жұмыспен қамту, қылмыстық жазасын өтеген және пробация қызметінде есепке алынған тұлғаларға әлеуметтік-құқықтық көмек секілді мәселелерді шешуге қатысады, - деп Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Жандос Әбішев мәлімдеді. – 2017 жылы өңірде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде «Адамдарға мүмкіндік бер» жобасы іске қосылды. Оны жүзеге асыруға жергілікті бюджеттен 22 млн.теңге бөлінді».
Облыстың алты түзеу мекемелерінде сотталғандар мамандық ала алады, оқу колледждер негізінде жүргізіледі, деп хабарланды отырыс барысында.
Облыста бұрын сотталғандар үшін бос орын жәрмеңкелері өткізіледі. Бостандықта баспанасыз қалғандар әлеуметтік бейімдеу орталықтарында уақытша пана таба алады. Олар өңірде үшеу – Қарағандыда, Теміртау және Жезқазғанда. Билік басындағылардың ақпараты бойынша 2016 жылғы және үстіміздегі жылдың төрт айында орталықта қамау орнынан босаған 120 астам адам анықталды.
Отырыстан кейін сенаторлар Қарағанды облысының Қараған кентіндегі АК-159/5 айрықша режимдегі түзеу колониясын аралады.