• 3853 барлығы
  • 10 бір айлық
  • 0 апта ішінде

Ақпарат орталығы

Октябрь ауданының жаңа әкімі тағайындалды

 Әлімжан Қанаев Қарағанды қаласы Октябрь ауданының жаңа әкімі атанды. Осыған дейін ол аудан әкімінің орынбасары қызметін атқарған болатын.
Әлімжан Қанаев 1981 жылы дүниеге келген. Үйленген, бір ұл тәрбиелеуде. Заңгер мамандығы бойынша білім алған, заң ғылымдарының кандидаты. 2003 жылы ҚР ІІМҚостанай заң институтын тәмамдаған. 2009 жылы ҚР Ішкі істер министрлігінің Қарағанды заң институтының күндізгі адъюнктура дипломын алған.
1999 – 2003 жж. аралығында ҚР ішкі істер органдарында қызмет еткен: Астана қаласы мемлекеттік ішкі істер басқармасында, Қарағанды қаласы ІІБ және Б.Бейсенов атындағы ҚР ІІМ ҚЗИ.
Мемлекеттік қызметке 2010 жылдың тамызында Қарағанды облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының қазақстандық құрамды дамыту бөлімінің бастығы ретінде түскен. 2011 жылдың шілдесінде ол Октябрь ауданы әкімінің орынбасары қызметіне ауыстырылған.
Естеріңізге сала кетейік, оның алдында аудан басшысы Ержан Темірханов болған. Қазіргі таңда ол Саран қаласының әкімі қызметін атқарып жатыр.