Қарағандыда
  • USD 388.07
  • EUR 427.54
  • RUB 6.08
Қала әкімдігінің ресми интернет ресурсы

Ақпарат орталығы

ГлавнаяАқпарат орталығы

    Astana Hub Шымкенттегі стартап кәсіпкерлікті дамытуға көмектеседі

    Форум алаңында цифрлық шешімдердің өзекті мәселелері, заманауи жағдайда аймақты дамыту үшін қажет тәсілдер мен технологиялық тәжірибе бойынша диалог ұйымдастырылды.

    Ұйымдастырушылардың айтуынша, Шымкентте "Ақылды" қаланы дамыту тұжырымдамасы қабылданды. Бұл тұрғыда Smart City, 5G енгізу, сондай-ақ жасанды интеллект, ауқымды деректермен жұмыс істеу және жаңа перспективалы кәсіптердің тақырыптары қозғалды. 

    Astana Hub технопаркінің басқарушы директоры Марлен Сихаев елордалық технопарктің тәжірибесімен, оның бір жылдағы жұмыс нәтижелерімен, сондай-ақ Astana Hub-да жұмыс істейтін стартап-жобаларды дамыту бойынша бағдарламалармен бөлісті.⠀

     «Біз елдегі технологиялық стартаптарды дамыту бойынша қолдау шаралары бойынша белсенді жұмыс істеп жатырмыз. Технопаркте акселерация, инкубация сияқты стартаптарды дамытудың ақысыз бағдарламалары бар. Олар бойынша оқыту тегін. Сондай-ақ, жақында біз өңірлер үшін онлайн оқыту өткіздік. Жыл ішінде стартаптардың жұмыс нәтижесі-17 миллиард теңгеден астам сомаға өз жобаларын дамытуға инвестиция тарту және 1000-нан астам жұмыс орындарын құру. Бүгін біздің сарапшылар командасы өз білімдерімен бөлісуге және өз тәжірибелерін еліміздің өңірлеріне таратуға дайын. Startup Sapary бағдарламасының қорытындысы бойынша біз әр өңір үшін жеке IT-кәсіпкерлікті дамыту жоспарын әзірлеуді жоспарлап отырмыз», Astana Hub IT-стартаптар халықаралық технопаркінің басқарушы директоры Марлен Сихаев хабарлады.

    Еске салайық, форум қарсаңында Astana Hub сарапшылары Шымкентте аймақтық Startup Sapary бағдарламасын өткізді. Бағдарлама аясында технопарктің өкілдері IT-идеясы бар барлық жас кәсіпкерлер үшін «Стартап мектебі» интенсивті курсын ұсыну үшін Қазақстанның 17 облыс орталығына барады. Startup Sapary бағдарламасы Петропавл, Атырау, Қызылорда, Түркістан, Орал және Ақтау қалаларыңда ұсынылды. Технопарк тобы әрі қарай Қарағанды, Көкшетау, Тараз, Өскемен, Павлодар және Талдықорғанға барады. 

    Болашақта Astana Hub технопаркі Қазақстанда ІТ-кәсіпкерлікті дамыту мен бірлескен жобаларды құру үшін өңірлердің технопарктерімен тығыз ынтымақтастықты жоспарлап отыр. Сапар қорытындысы бойынша Astana Hub технопаркінің оқыту бағдарламалары мен әдіснамасын қамтитын әр өңірді дамыту бойынша жеке ынтымақтастық жоспарын әзірлеу жоспарлануда.