• 4299 барлығы
  • 23 бір айлық
  • 0 апта ішінде

Ақпарат орталығы

Қарағандыда ЭКСПО-ға арналған граффити пайда болады

 Қарағандыда жыл сайын өткізілетін «Жаз энергиясы» атты гарффити байқауы басталды. Бұл жолы оны Астана қаласында өтіп жатқан ЭКСПО халықаралық көрмесіне арнау туралы шешім қабылданған.
Байқауға Қазақстанның әр қалаларынан келген, республикалық және халықаралық көрмелерге қатысқан суретшілер, оның ішінде алматылық Ержан Танаев пен Әли Зәкір, сондай-ақ Санкт-Петербург пен Екатеринбургтен келген рейтерлер қатысады деп күтілуде.
«ҚР мен ТМД елдерінің басқа қалаларындағыдай Қарағандыда да кез-келген жерде сурет салуға тыйым салынған. Дала суретшілерінің шығармашылығы коммуналдық қызметтер үшін проблемаға айналмас үшін, «Қарағанды Жарық» ЖШС граффитисттерге трансформаторлық бекеттерді қазіргі заманғы келбетке сай әсемдеп, өздерінің қаласына деген махаббатын сурет арқылы көрсетуді ұсынды», - деді «Қарағанды Жарық» ұйымдастырушы-компаниясының баспасөз қызметі.
«Жаз энергиясы-2017» қатысушылары «Қарағанды Жарық» компаниясына тиесілі трансформаторлық бекеттердің қабырғаларына сурет салатын болады. Энергия таратушы компания бұл бацқауды жетінші жыл қатарынан ұйымдастырып отыр. Осы уақыт аралығында суретшілер 200-ден астам бекеттерді әсемдеген. Онда қиял-ғажайып сюжеттер мен Серік Сәпиев, Геннадий Головкин, Тоқтар Әубәкіров, Юрий Гагарин және Батырхан Шүкенов секілді танымал тұлғалардың портреттері пайда болды.
Байқау тамыздың 1-нен бастап 31-не дейін өтеді.