• 4006 барлығы
  • 21 бір айлық
  • 1 апта ішінде

Ақпарат орталығы

ТЖД қызметкерлері шомылу маусымында қауіпсіздік шараларын сақтау туралы ескертті

 Қарағанды облыстық төтенше жағдайлар департаментінде шомылу маусымында су қоймаларында адамдардың қаза болуын болдырмау үшін қауіпсіздік шараларын ұстану керектігі туралы брифинг өтті.
ТЖД қызметкерлері полицейлермен, қалалық және аудандық әкімдік мамандарымен бірлесіп су қоймаларының жағалауларында жүйелі түрде рейдтер өткізеді. Шомылу маусымы басталғалы 5662 тұрғындармен әңгіме және дәрістер өткізілген, оның ішінде балықшылар мен оқушылар арасында да деп хабарлайды Төтенше жағдай департаментінің баспасөз қызметі. Рейдтер барысында демалушыларға суда өзін қалай ұстау ережелері жазылған парақшалар таратылады. Сонымен қатар бақылаушылар су жағасына келген тұрғындардың спирттік ішімдіктер пайдаланбағанын қадағалайды.
2017-ші жылы шомылу маусымы басталғалы облысымыздың су қоймаларында 23 адам батып кеткен, қаза болғандардың арасында 7 бала бар. Құтқару бөлімшелері шомылу маусымының аяғына дейін күшейтілген режимге ауыстырылған.
Қарағанды облыстық төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындарын, қонақтарды, балалар лагерлерінің, демалыс орындарының қызметкерлерін, су шаруашылығы нысандарының басшыларын өздерінің және өз жақындарының қауіпсіздігін ойлап, судағы ережелерді ұстануға шақырады.