• 4006 барлығы
  • 21 бір айлық
  • 1 апта ішінде

Ақпарат орталығы

Ерлан Қошанов: «Біз барлық аулаларды қалыпқа келтіруіміз керек, сондықтан оларды абаттандыру ондаған миллионға бағаланбауы тиіс»

 Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов облыс орталығында жыл сайын 100 ауладан жөндеуді ұсынды. Ол үшін жобаларға басқаша қарау керек.
- Бізге қымбат аулалар қажет емес, абаттандыру жұмыстарының құны ондаған миллионға дейін бармауы керек. Жалпы алғанда минималды жиынтық болуы қажет. Бірақ келесі жылдан бастап көбірек аулаларды қамтуымыз керек – жылына 100 ауладан, - деді Ерлан Қошанов Октябрь ауданын аралау барысында. – Бізде Қарағандыда 700-ден астам аула бар. Егер жылына 10-нын ғана жөндеп отырсақ қай заманда аяқтаймыз?
Аймақ басшысы Пришахтинск және Майқұдықтағы абаттандырылып жатқан аулаларды аралап шықты. Жөндеу жұмыстарының ішіне асфальттау, көгалдандыру, жарықтандыру, балалар және спорт алаңқайларын, орындықтар мен қоқыс жәшіктерін орнату кіреді. Жобалар құны – 65-70 млн теңге. Мердігерлер жөндеу жұмыстарын қазан айында аяқтауы тиіс.
19-шы шағын ауданның ауласында Ерлан Қошанов жергілікті тұрғындармен әңгімелесті. Халық өз тілектерін айтып, абаттандыруда қандай кемшіліктер, не жетіспейтіні туралы айтты. Дәлірек айтсақ, кіреберістерде орындықтар орнатуды сұрады.
Бір зейнеткер қала шеткейіне осындай назар аударылып жатқаны үшін алғысын білдірді.
- Майқұдық шетте қалған болып есептеледі. Астанадағы немерелерім осында келгісі келмейтін. Ал қазір барлығы қалай өзгеріп кеткенін көріп, таңқалды: «Әже, сіз басқа үйге көшіп кеткенсіз бе?» дейді. Аулада таңертеңнен кешке дейін ойнайды. Бұл жерде Астанадан да жақсырақ дейді, - деп өз қуанышымен бөлісті әжей.