• 4299 барлығы
  • 23 бір айлық
  • 0 апта ішінде

Ақпарат орталығы

Металлургтер күнінде Теміртауда «Любэ» тобы өнер көрсетеді

 Биыл Теміртауда Металлургтер күніне орай үлкен мереке дайындалып жатыр. Мерекелік кеш ресейлік «Любэ» тобының концертімен аяқталады.
Сағат 19.30 стадион алдындағы алаңда Литвинский балалар үйіне көмек ретінде қайырымдылық шарасы басталады. Қаржы жинау үшін арнайы жәшіктер орнатылмақ. Барлық қайырымдылық шарасына қатысушылар лотерея билетіне ие болып, сыйлықтар ұтысына қатыса алады. Сондай-ақ мерекелік бағдарламада «Тірі суреттер» - «Металлургтер» атты көрме ұйымдастырылады.
Сағат 20.00 металлургтер шеруі өтеді, содан кейін салтанатты шара басталады. Алдымен шығармашылық ұжымдар өнер көрсетіп, кейін әкімдік өкілдері мен «ArcelorMittal Темиртау» компаниясының жетекшілері металлургтерді мерелерімен құттықтайды. Осыдан кейін сахнаға «Любэ» тобы шығады. Концерт соңында мерекелік отшашу болады.