• 4006 барлығы
  • 21 бір айлық
  • 1 апта ішінде

Ақпарат орталығы

Екі мыңға жуық бала бюджет есебінен сырттағы лагерьлерде демалады

 Биылғы жазда екі мыңға жуық бала бюджет есебінен «Салют» сауықтыру орталығында демалады. Ол үшін 43 миллион 485 мың теңге бөлінген.
«Салют» лагерінде 12 күндік екінші маусым аяқталды. Осы аралықта мұнда 841 бала тегін демалды. 15-тамызға дейін әлі екі маусым бар.
Қарағанды қаласының білім бөлімінің мәліметтері бойынша, биылғы жазда қала сыртындағы лагерьлерде бюджет және ата-аналдардың қаржысы есебінен барлығы 19 мыңнан астам қарағандылық балалар демала алады.
Және де тағы 50 мыңға жуық бала мектепішілік лагерьлерде демалуда. Егер мектепте жөндеу жұмыстары жүріп жатса, онда оқушылар жақын маңдағы мектептердің лагерьлеріне бара алады.
Алдын ала есептеулер бойынша, 30 мыңнан астам бала демалыс кезінде өзі мен қоршаған орта үшін пайдалы істермен айналысады. Олар жөндеу-құрылыс командаларының, қаланы жасылдандыру жасақтарының, аула клубтарының қатарында жүр және түрлі үйірмелерге қатысуда.