• 4299 барлығы
  • 23 бір айлық
  • 0 апта ішінде

Ақпарат орталығы

Қарағандыда жарты ғасырлық мұржа жөнделді

 Қарағандыда 1-ЖЭО-да алдағы жылу маусымына арналған жұмыстар жүріп жатыр. Жөндеу жұмыстарына 440 млн астам теңге жұмсалмақ. Бұл қаржыға негізгі және қосалқы жабдықтар жөнделеді.
«1-ЖЭО-да толығымен негізгі жабдықтар жөнделді, атап айтсақ: 8 қазанагрегат, оның үшеуі су жылытқыш болса, 4-і турбина. Қазіргі таңда үш нысанда ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталған: қазанагрегатта, су жылытқыш қазандық пен турбинада»,- деп хабарлайды «Қазақстандық коммуналдық жүйе» (ҚКЖ) компаниясындағылар.
Басқа жұмыстар жалғасуда. Жұмыстардың атқарылуы 40-80% құрайды. Жұмыс кестесі сақталуда.
- Стансаның басқа да жабдықтары қысқа дайындалуда: сорап шаруашылығы, элеткрмен жабдықтау, ғимарат мен құрылымдар бойынша қажетті жөндеу жұмыстары жасалуда. Энергетикалық қазандықтың бас корпусының шатырына толық жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. «Қарағанды Энергоцентр» ЖШС мамандары пайдаға енгізілгеніне 50 жылдан асқан мұржаны жөндеді,- дейді компаниядағылар. – Сонымен қатар жүйелік тұрба құбырларына толық жөндеу жұмыстары жүргізілуде, яғни турбина цехынан су жылытқыш қазандыққа дейінгі аралықта тұрба құбыры ауыстырылды. Бұл жылу беруде сенімділікті арттырады.
Стансада күлді құрғақ етіп сақтау әдісі енгізілуде. Ол үшін күл үйіндісін сақтайтын жабдық қалпына келтірілді, бұл да стансаның тоқтаусыз жұмыс істеуі үшін маңызды.