• 4142 барлығы
  • 25 бір айлық
  • 0 апта ішінде

Ақпарат орталығы

Қарағанды облысында «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу шарасы өтіп жатыр

 Қарағанды облысында шілденің 12-і мен 14-і аралығында «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу шарасы өткізіліп жатыр. Шараның мақсаты – жүргізушілердің тәртіп сақтауын жоғарылату, жол апаттарының көлемін төмендету болып табылады.
«Жедел алдын алу шарасының бірінші күнінің өзінде-ақ 684 жол жүру ережелерінің бұзылуы анықталған. Мас күйінде көлік тізгіндеген 11 жүргізуші ұсталды», - деп мәлімдеді облыстық ІІД Жергілікті полиция қызметі.
Приозерск тұрғынына қатысты ҚР ҚК 346 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Жүргізуші куәлігінен айырылған ер адам мас күйінде рөлге отырған. Оған 500 айлық көрсеткіш көлемінде айыппұл тағылып, 90 күнге дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Көлік жүргізу кезінде ұялы телефонмен сөйлескені үшін 58 жүргізуші жазаланған, 40 көлік иелеріне жылдамдықты асырғаны үшін айып тағылды, қауіпсіздік белбеуін тақпаған 94, қарама-қарсы жолаққа шыққан 4 жүргізуші айыппұл төлейді. Сонымен қатар Жол жүру ережелерін бұзғаны үшін 85 жаяу жүргінші жауапқа тартылды.