• 4299 барлығы
  • 23 бір айлық
  • 0 апта ішінде

Ақпарат орталығы

Қарағандыда регби-7 бойынша Қазақстан чемпионаты өтеді

 Регби-7 бойынша Қазақстан чемпионаты «Шахтер» стадионында шілденің 16-ы мен 17-і аралығында өтеді. Оған еліміздің әр аймақтарынан келген тоғыз топ қатысады.
Бұл ерлер мен әйелдер арасында өтетін регби-7 бойынша Жоғарғы Лига Чемпионатының төртінші кезеңі. Астана, Алматы, Павлодар, Талдықорған, Ақтау, Қостанай және Өскеменнен келген спортшылар өзара бақ таластыратын болады. Қарағады облысының намысын ерлер құрама командасы, ал қаланы «ҚР Ұлттық Гравдия» командасы қорғайтын болады.
Регби-7 классикалық регбиден ойыншылар санымен айрықшаланады. Онда 11 адамның орнына 7 ойыншы қатысады. Ал қалғанында ойын шарты бірдей.
Қазақстанда регби 80-ші жылдардан бері дами бастаған. Сол жылдары Қарағанды облысын бұл спорт түрі бойынша «Полимер» командасы ұсынатын.
Бүгінгі таңда Қарағандыдан шыққан регби мектебінің танымал спортшылары – ҚР регби бойынша құрама мүшесі Дмитрий Харченко, «Астана» регби командасының мүшелері Виталий Цапенко мен Кирилл Суенов.