• 4006 барлығы
  • 21 бір айлық
  • 1 апта ішінде

Ақпарат орталығы

«Жібек жолы» раллиіне қатысушылар Қарағанды облысында болып қайтты

 Қарағанды облысының Осакаров ауданының аумағы бойынша 12-ші шілдеде «Жібек жолы-2017. Мәскеу – Астана – Сиянь» ралли мүшелері жүріп өтті. Спортшылар жарыстың келесі кезеңіне өту үшін Павлодар қаласына өтіп бара жатты.
«Қарағанды облыстық ТЖД раллидің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етті. Жарыс маршруты негізі елді мекендерді айналып өтіп, қара жолмен, ен даламен, алқаптармен және шөл далалармен өтті. Алайда кей учаскілерде ралли елді мекендердің жанынан өтеді», - деп хабарлады ведомство баспасөз-қызметі.
Раллидің жолындағы аса қауіпті жерлерде өрт сөндірушілер кезекшілік етті.
Раллиге әлемнің ең үздік авто жарыскерлері қатысады. Маршрут бойынша 36 елдің 100-ге жуық жеңіл және жүк көліктері жүріп өтеді.